Vitek VT-7129 [8/17] Қазақша

Vitek VT-7129 [8/17] Қазақша
11
ҚазаҚша
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау
ретінде пайдаланылатын полиэтилен қаптарды
қараусыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
қаптармен немесе орайтын үлдірмен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
Желілік баусымның және желілік баусым
ашасының күйін мезгілімен тексеріп тұрыңыз.
Егер құрылғының, желілік баусымның
немесе желілік баусым ашасының қандай
да бір ақаулықтары болса, кофеүккішті
пайдаланбаңыз.
Аспапты өз бетімен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-
келген ақаулықтар пайда болғанда, соынмен
қатар құрылғы құлағаннан кейін аспапты
ашалықтан суырыңыз және кепілдеме талоны
мен www.vitek.ru сайтында көрсетілген
байланысу мекен-жайлары бойынша кез-
келген туындыгерлес (өкілетті) қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны
зауыттық орауда ғана тасымалдаңыз.
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ҚҰРАЛ ТЕК ҚАНА ТҰРМЫСТЫҚ МАҚСАТТА
ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙЛАРДА ПАЙДАЛАНУҒА
АРНАЛҒАН, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА
ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағ-
дайында тасымалдаған немесе сақтаған кезде
оны бөлме температурасында үш сағаттан
кем уақыт бойы ұстау керек.
Кофе үгіткішті орамнан шығарып, оның
жұмысына кедергі келтіретін орам
және жарнама материалдарын алып тастаңыз.
Аспапты қосар алдында оның жұмыс кернеуі
электрлік желінің кернеуіне сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіңіз.
Үгітілген кофеге арналған контейнердің (1)
қақпағын өзіңізге қарай тартып, қақпағынан (2)
шешеңіз.
Кофе дәндеріне арналған контейнердің (7)
қақпағын шешіңіз, контейнерді (8) сағат тілі
бойынша «
» бұрап, оны шешіңіз.
Диірменнің үстіңгі тасын (9) сағаттың тілі
бойынша «
» бағытында шешіңіз және оны
сүртіңіз.
Диірменнің астыңғы тасын мұқият сүртіңіз.
Барлық шешілетін бөлшектерді (1, 2, 7, 8)
бейтарап жуатын құрал қосылған жылы сумен
жуыңыз, шайып, жақсылап құрғатыңыз.
Кофеүккіштің корпусын (12) сәл дымқыл жұмсақ
матамен сүртіп, артынан құрғатып сүртіңіз.
Диірменнің жоғарғы тасын (9) сағаттың тілі
бағыты «
» бойынша тірелгенге дейін бұраңыз.
Кофе дәндеріне арналған контейнерді
(8) орнатыңыз және оны сағат тіліне қарсы
« » тірелгенше бұрып, оны қақпағымен (7)
жабыңыз.
Үгітілген кофеге арналған контейнерді (1)
қақпақпен (2) жауып, оны бекіткіштің шертпегі
(3) естілгенше басып, орнына орнатыңыз.
КОФЕҮККІШТІ ҚОЛДАНУ
Үздіксіз жұмыс істеудің максималдық рұқсат
етілген уақыты үгітудің 1 кезеңі, артынан
3-5 минуттық үзіліс арқылы.
Желілік бауды толық тарқатыңыз.
Барлық шешілмелі бөлшектердің дұрыс
орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
Қақпақты (7) ашып, контейнерге (8) кофе
дәндерін салыңыз.
Ескерту:
контейнерге (8) 240 г асатын кофе дәндерін
салуға болмайды;
контейнерді (8) қақпақпен (7) жабыңыз.
Реттегіштің (11) бұрылысы арқылы кофе
дәндерін үгітудің керекті дәрежесін таңдаңыз.
«ГРУБЫЙ» кофені кофе шәйнекте демдеуге
арналған ірі үгіту
«СРЕДНИЙ» тамшылы кофе қайнатқыштарға
арналған орташа үгіту
«МЕЛКИЙ» помпалық кофе қайнатқыштарға
арналған үгіту дәрежесі
«СВЕРХ МЕЛКИЙ» кофені айшанаққа демдеуге
арналған ең майда үгіту
Ескерту: кофе дәндерін үгіту дәрежесін
таңдаған кезде, тұтқаны (11) шкала шегіндегі
кез-келген күйге белгілей аласыз.
Желілік баудың айырын электрлік резеткеге
салыңыз.
Тұтқаны (5) бұрап, үгітілген кофенің керекті
мөлшерін белгілеңіз.
Батырманы (6) « » басып, құрылғыны іске
қосыңыз.
Ескерту:
құрылғыны іске қосу алдында, контейнерлердің
(1 және 8) дұрыс орнатылғанын және
қақпақтармен (2 және 7) жабылғанын тексеріңіз,
кері жағдайда кофеүккіш іске қосылмайды;
егер кофеүккіш жұмыс істеген уақытта
дәндер диірмен тастарына өтпесе, онда
кофеүккішті сәл тербелту немесе оны
сақтықпен сілку ұсынылады.
IM VT-7129.indd 11 29.06.2018 16:44:53
Скачать
Случайные обсуждения