Polaris PMC 0567AD Golden Rush [52/59] Құрылғыны тазарту және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулары

Polaris PMC 0567AD Golden Rush [52/59] Құрылғыны тазарту және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулары
Палау
Әзірлеудің уақыттық мәні - 1 сағат / Әзірлеудің
температуралық диапазоны: - 120 ºС градустан
бастап -125ºС градусқа дейін өзгертіп, орнатуға
болады.
Әзірлеудің уақыттық диапазоны:20 минуттан бастап
2 сағатқа дейін болса, әзірлеудің уақыттық
диапазонын минималды 5 минуттық ауыспалы
қадамымен өзгертіп, орнатуға болады.
Жабық
Бар
Жылыту
Әзірлеудің уақыттық мәні - 20 минут /
Әзірлеудің температуралық диапазоны: - 105ºС
градус.
Әзірлеудің уақыттық диапазоны: 10 минуттан бастап
1 сағатқа дейін болса, әзірлеудің уақыттық
диапазонын минималды 5 минуттық ауыспалы
қадамымен өзгертіп, орнатуға болады.
Жабық
Бар
* Температураны қолмен реттеу мүмкіндігі қарастырылған бағдарламаларда пайдаланушы қажетті температуралық көрсеткішті қолмен орнатады, өнімнің даярлығы, әзірлеу
уақытысы мен температуралық көрсеткішті дұрыс таңдау әрекетіне тікелей байланысты.
Автоматты бағдарламалардың температуралық реттеулері тек анықтама үшін берілген, әзірлеу үдерісі барысында оларды өзгерту пайдаланушының қатысуынсыз автоматты түрде
жүреді.
Сондай-ақ бағдарлама жұмысының түрлі кезеңдерінде (тостақтың ішіне салынған өнімге байланысты) нақты белгіленген болып табылатын температуралық көрсеткіш анықтамада
келтірілген мәннен өзгеше болуы мүмкін. Мысалы: егер тостақтың ішінде су болса және 115 ºC-қа тең температураны орнататын болсаңыз, көрсеткішті өлшеу барысында тостақтағы
температуралық көрсеткіш 100 ºC-тан аспайды (судың қайнау нүктесі), сондай-ақ тостақтағы су қарқынды түрде қайнайды. Орнатылған температура мен шынайы температуралық
көрсеткіштің арасындағы айырмашылық құрылғының ақаулы екендігін білдірмейді.
Егер бағдарламада пісіру қарастырылса (сумен жұмыс жасаған жағдайда), су қайнап суалса немесе тостақтың ішінде су болмаса, бағдарлама автоматты түрде сөнеді, себебі тостақ
түбінің температурасы бұл бағдарлама үшін қарастырылған қауіпсіздік шегінің көрсеткішінен асып түседі. Судың болмауы жағдайында бағдарламаның сөну әрекеті қорғаныс жүйесінің
қалыпты реакциясы болып табылады.
Өлшеу жұмысын жүргізу барысында келесілерді ескеру қажет:
Температураны өлшеу нүктесі құрылғының ішіне орнатылған тостақ түбінің орталығында орналасқан, өлшеу құрылғының қақпағы жабық күйінде бекітілген құрылғы
(термопара – термо электрлі өңдегіш) көмегімен іске асады.
Көрсеткішті дұрыс түрде бағалау үшін өлшеу жұмысын бағдарламаның жүруі барысында өткізу қажет, өлшеуді әрбір 30 секунд сайын жүргізу керек.
Пайда болған көрсеткіштердің негізінде температуралық-уақыттық тәуелділіктің диаграммасы құрылады, айтарлықтай өзгермейтін максималды және минималды
көрсеткіштердің барысында температурасы кезеңдік түрде өзгеретін аймақ анықталады (термостат аймағы).
Анықтамада келтірілген температура көрсеткіші термостат аймағындағы өлшенген минималды және максималды көрсеткіштің аралығындағы мәнді қамтиды.
Өлшеу жұмысы кезінде автоматты бағдарламалардың ерекшеліктерін ескеру қажет :
Егер бағдарламада сұйықтықпен (сумен) жұмыс қарастырылса, өлшеу кезінде тостаққа 1 л. су құю қажет.
Егер бағдарламада су қажет етілмесе, өлшеуді бос тостақпен жүргізу қажет.
Егер тостақтың ішінде өнімдер болатын болса, өлшеу барысында шыққан көрсеткіштер анықтамадағы мәннен өзгеше болуы мүмкін, себебі өнімдердің құрамында түрлі сұйықтықтар
(су) бар, бұл судың қайнауы барысында оның көрсеткіші физиканың заңдылығы бойынша 100 ºC-тан аса алмайды.
Орнатылған көрсеткішке жақын көрсеткішті алу үшін қайнау температурасы анықтамада келтірілген көрсеткіштен асатын (мысалы, өсімдік майы), салмағы өнімнің салмағына тең
сұйықтықты қолдану қажет.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАРЫ
Тағам әзірлеп болғаннан кейін құрылғыны алдын ала тазалап алған жөн, оны тазартпас бұрын әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны, оның ішін әркез тағам қалдықтарынан және өзге де
ластанулардан сүртіп тазартыңыз.
Тазарту барысында, әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны және оның барлық бөлшектері мен керек-жарақтарын тазартқан кезде немесе жуу барысында құрылғының ластанған жерлерін,
кір бөліктерін тазарту үшін метал сымы бар қылшақтарды және еріткіштерді қолданбаңыз.
Егер де, тағамның қалдықтары құрылғының ішкі тостағына жабысып, қатып қалған болса, тостақты жуудың алдында сумен толтырып қойыңыз. Әмбебап ас әзірдегіш құрылғының Ішкі
тостағын жуып болғаннан кейін, оны шайып, құрғақ шүберекпен әбден құрғатып сүртіп шығыңыз.
Құрылғының сыртқы корпусын суға батырмаңыз. Құралдың сыртқы корпусын тазарту үшін сәл дымқыл, ыдыс жууға арналған ысқышты немесе жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз.
Буда пісіруге арналған ыдысты, яғни буда пісіргіш -контейнерді және құрылғының ішкі тостағын ыдыс жууға арналған машинада жууға болады. Ыдыс жуғыш машинаны пайдалану
барысында тостақтың машинаның құрамдас бөліктеріне зақымдалмауын қадағалаңыз. Күюге қарсы жабыны бар алюминийден жасалған тостақтың бүлінуін алдын алу үшін ыдыс
жуғыш құрылғыға берілген нұсқаулықтың талаптарын, сонымен қатар қолданылатын тазарту құрылғыларының сипаттамаларын басшылыққа алыңыз.

Содержание