Polaris PIR 2497AK 3M [22/30] Pir 2497ak 3m моделі

Polaris PIR 2497AK 3M [22/30] Pir 2497ak 3m моделі
22
Электрлік үтік
POLARIS
PIR 2497AK 3m моделі
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда маркасымен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес
жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен
күтуге қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон
қорапты және орама материалымен бірге сақтаңыз.
1. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Құрал тұрмыста қолдануға ғана арналған.
Бұл құралды өндірісте және сауда саттықта пайдалануға болмайды, сондай-ақ бөлмеден тыс
жерде қолдануға тыйым салынады.
Өндіруші құралды дұрыс пайдаланбау салдарынан немесе бұл нұсқаулықта қарастырылмаған
әрекеттерді орындау барысында туындаған ақаулар үшін жауапты емес.
2. ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Құрал тұрғын үй ғимаратырының температурасы мен ылғалдығы жағдайында тұрмыстық
жағдайларда киім-кешекті үтіктеуге және бумен үтіктеуге арналған.
1. Суды шашырататын құрылғысы
2. Суға арналған сауытты толтыру саңылауы
3. Буды жіберу деңгейінің реттегіші
4. Буды қарқынды түрде жіберу батырмасы
5. Электр сымының қорғанысы
6. Қыздыру индикаторы
7. Суды шашыратуға арналған батырмасы
8. Температураны реттейтін тетігі
9. Суға арналған сауыт
10. Керамикалық табан
11. Өздігінен тазарту батырмасы

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Где на рисунке позиция 3?
3 года назад