Polaris PIR 2497AK 3M Инструкция по эксплуатации онлайн [29/30] 451068

Polaris PIR 2497AK 3M Инструкция по эксплуатации онлайн [29/30] 451068
29
Құралдың бүлінуі мен оқыс жағдайларға әкеп соғуы мүмкін желінің шамадан тыс жұмыс
істеуіне жол бермеңіз. Ол үшін қолданыстағы электрлік розеткаға ұзартқышты пайдалану
арқылы өзге де құралдарды қоспаңыз. Ұзартқышты пайдаланудың алдында оның
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді ашадан
ұстаңыз.
Электр тоғымен зақымдалмау үшін құралды іске қосу және сөндіру барысында желілік сым
ашасының металл бөліктеріне қол тигізбеңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін электр қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Құралды сақтау
барысында әрқашан сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра
алады. Біліктілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Техникалық мәселелердің туындамауы мен құралға берілетін кепілді сақтау үшін құралды
өздігіңізден жөңдемеңіз және бөлшектемеңіз. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету
орталығының білікті маманы жүзеге асыруы тиіс.
Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз! Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға
өткізіңіз. Бұл әрекетіңізбен Сіз қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді тигізесіз.
8. ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Құрал
2. Су құюға арналған стақан
3. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
4. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі
5. Кепілдік талоны
9. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Кернеуі: 220 – 240 В
Жиілігі: ~50 Гц
Қуаттылығы: 2200-2400 Вт
Ескерту: Өзгертулер мен жақсартуларды енгізудің тұрақты үдерісі салдарынан нұсқаулық мен
өнім арасында кейбір айырмашылықтар байқалуы мүмкін. Өндіруші пайдаланушы бұған назар
аударатынына сенім артады.
10. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.
Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл
Кепілдік мерзімі: сатып алған күннен бастап 2 жыл
Өнімді өндіріп шығарылған мерзімі туралы ақпарат құралдың сыртында көрсетілген.
Өндіруші:
POLARIS CORPORATION LIMITED
Unit 1801, 18/F, Jubilee Centre, 46 Gloucester Road, Wanchai, Hong Kong
Власник TM Polaris - Astrata AG., Gewerbestrasse 5, Cham, canton Zug 6330, Switzerland.Өндірілген
айы мен жылы туралы ақпаратты құралдың төлқұжаттық кестесінен қараңыз

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Где на рисунке позиция 3?
3 года назад