Polaris PHS 4080MK MINI [16/24] Кепілдік міндеттеме бұйым шашты сəндеуге арналған электр қысқышы моделі phs 4080mk

Polaris PHS 4080MK MINI [16/24] Кепілдік міндеттеме бұйым шашты сəндеуге арналған электр қысқышы моделі phs 4080mk
16
16. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ
Бұйым: Шашты сəндеуге арналған электр қысқышы
Моделі: PHS 4080MK
Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 24 ай бойына əрекетте болады, жəне материалдар мен жұмыс істеуіне
байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет көрсетуді білдіреді. Бұл кепілдік келесі шарттарды
сақтағанда, жарамды болып есептеледі:
1. Кепілдік міндеттеме «POLARIS» компаниясы шығаратын барлық үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін
елдердің барлығында жарамды (сатып алған жеріне қарамастан).
2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым пайдалану бойынша
нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай отырып, пайдаланылуы тиіс.
3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар – өндірушінің уəкілетті дилерлері жəне ресми
қызмет көрсететін (қызмет көрсету) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік өндіруші құзырлық бермеген
сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар тұтынушы алдында заңға сəйкес, өздігінен жауап
береді.
4. Бұл кепілдік келесі жəйттердің нəтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге, сондай-ақ бұйымның сыртқы
түрінің өзгеруіне, яғни құрылғының бетінде сыртқы өзгерістер болған жағдайда таралмайды, егер де:
Бұл кепілдік химиялық, механикалық немесе өзге де əсер етулер болған жағдайда, сондай-ақ, бұйымның
ішіне сұйықтық төгілген жағдайда, сонымен қатар, құрт-құмырсқа немесе шыбын-шіркей секілді бөгде
заттардың бұйымның ішіне түсіп кетуі, сонымен бірге, бұл ақау микроортанизмдердің, шыбын-шіркей,
құрт-құмырсқа секілді жəндіктер мен зиянкестер топтарының іс-əрекет, тіршілігінің салдары нəтижесінде
туындаған ақау үшін таралмайды;
Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, оның жиынтықтығына кірмейтін,
қосымша керек-жарақтарын пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
қауіпсіздік техникасының ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда жəне пайдаланғанда;
Құрылғыны қалыпты пайдалану салдарынан пайда болған сыртқы өзгерістер байқалса, сондай-ақ,
құрылғының функционалдық қасиетіне əсер тигізбейтін, қалыпты түрде тозған жағдайда: құралдың ішкі
жəне сыртқы қабатының механикалық бүлінуі (металдың ішіне майысу, сызаттың түсуі, сыртқы түс түрінің
өзгеруі не тіпті жоғалуы немесе қажалып бүлінуі), металл түсінің қалыпты өзгеруі, сондай-ақ, құрылғының
метал бетінде құбылмалы немесе қара дақтардың пайда болуы, сонымен қатар, құрылғының жабыны
бүлінген жерлеінде тоттанудың салдарынан металлдың бұзылуы, яғни металдың бетінде тотқа қарсы
жабыны жоқ жəне жабыны бар жерлерінде коррозияның орын алуы салдарынан зақымдалған болса;
Жарамдылық мерзімі шектеулі əрлеу бөлшектері жəне шам, батареялар, қорғаныс экрандары, қоқыс
жинауға арналған сыйымдылықтар, белдіктер, қылшақтар, тығыздағыштар, сүзгілер тозған жағдайда,
сондай-ақ, басқа да бұйымдардың бөлшектері мен бөліктері тозғанда жəне олардың пайдалану мерзімі
шектеулі болған жағдайда;
Авторландырылған (өкілетті) қызмет көрсету орталықтар болып табылмайтын* тұлғалар немесе
фирмалар өндірген бұйымдардың жөндеу жұмыстарын орындаған жағдайда;
Бұйымды тексеру барысында құрылғыда немесе оның құрастырылымда өзгерістер немесе бөгде бұзу іздері
анықталған жағдайда, яғни бұйым ашылып, бөлшектеніп, қайтадан құрастырылып жиналған болса, сондай-
ақ құрылғыны өзбетіңізбен жөндеген жағдайда немесе бұл пайдалану жөніндегі нұсқаулығында
қарастырылмаған жөндеу жұмыстарын бөгде тұлғалардың тарапынан, яғни өкілетті қызмет көрсету
орталықтар болып табылмайтын фирмалар өздігінен жүргізген болса немесе қандай да бір жөндеу
жұмыстарын жүргізуге тырысқан жағдайда.
5. Бұл кепілдік тек талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен жəне ақауы
табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.
6. Бұл кепілдік тек жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға ғана жарамды, жəне
коммерциялық, өнеркəсіптік немесе кəсіби мақсатта қолданылатын бұйымдарға таралмайды.
POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мəселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті POLARIS ресми
сатушыңызға хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать