Polaris PGS 1570CA​ [28/32] Тұрмыстық электрлік құралдармен пайдалану барысында қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар

28
Жұмыс барысында күйіп қалмау үшін құрылғыны буды жіберу батырмасы орналасқан
деңгейінде қолыңызда ұстаңыз, себебі үтіктегіштің жоғарғы бөлігі жұмыс барысында қызады.
Құрылғыдағы субүріккіш шүмегі (сопло) жағында орналасқан бу шығатын саңылауларды
жаппаңыз және оларға бөгде заттарды салмаңыз.
Адамның үстіндегі киімді бумен жібітіп үтіктеуге тыйым салынады.
Бумен жібітетін үтіктегіш құрылғыны қосылу күйінде электр не газ пештің жанында немесе өзге
де электр қыздырғыш құрылғылардың жанында пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жазық, ылғалды өткізбейтін қабатта тігінен орнатыңыз, оны көлденең
орналастырып, кері қаратып аударуға болмайды.
Құрылғының жеткізілім жиынтықтығына кіретін қондырмаларды ғана қолданыңыз.
Құрылғыда су жоқ болса, оны іске қоспаңыз. Құрылғының суға арналған резервуарында
судың мөлшері азайғанда, тез арада құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғыны адамдарға, жануарларға, жиһазға, электр құрылғыларға, кітаптарға, сондай-ақ ыстық
будың әсерінен зақымдалатын кез келген заттарға бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғының электр желілік баусымын ыстық заттармен немесе үтіктің табанымен жанасуға жол
бермеңіз.
Құрылғыны сақтауға алып қоймас бұрын немесе оны тазалаудың алдында, сонымен қатар
құрылғының суға арналған резервуарын сумен толтырмас бұрын, бумен жібітетін үтіктегіш
құрылғыны әрдайым сөндіріп, электр ток көзінен ажыратыңыз.
Бумен жібітетін үтіктегіш құрылғы зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. Құрылғыда қандай
да бір ақау пайда болса, оны жөндеу үшін құрылғыны өкілетті қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
Біліктілігі жоқ немесе біліктілілігі төмен деңгейдегі санаты жоқ тұлға тарапынан жасалған
жөндеу жұмыстары қолданушыға қауіп-қатер төндіруі мүмкін немесе сәтсіз оқиғаға әкеп соғуы
мүмкін.
Құрылғының суға арналған резервуарына сірке қышқылын немесе қақ тазартуға арналған арнайы
заттарды құюға болмайды. Құрылғының суға арналған резервуарына тұрмыстық сүзгіден
қосымша тазалықтан өткен таза суды құйыңыз (қажет болған жағдайда). Газдалған суды және
хош иісті парфюмериялық қоспаларды пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыздар! Құрылғыны қайта орамас бұрын және оны қорабына салмас бұрын, оны тік
қалпында орнатып, ол суығанша күте тұрыңыз.
7. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН ПАЙДАЛАНУ
БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрылғыны пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл құрылғы тек қана үйде тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Құрылғыны коммерциялық
мақсатта ұзақ уақыт бойы пайдалану құрылғының істен шығуына, зақымдалуына немесе
адамдардың денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрылғы осы нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Егер Сіз құрылғының жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Әр кезде құрылғыны қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның электр
желілік баусымның ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны электр розеткаға қосуға мүлдем
болмайды.
Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда немесе қандай да бір ақау түрі байқалса, құралды
пайдаланбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті маманға көрсетіңіз.
Құрылғы еденге, жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы
(зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны пайдаланбаңыз. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны
білікті маманға көрсету қажет, құрылғыны тек қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана
тексеру тиіс.

Содержание