Polaris ALPHA IMF 100V/H Инструкция по эксплуатации онлайн [37/46] 451172

Polaris ALPHA IMF 80V/H Инструкция по эксплуатации онлайн [37/46] 451171
37
Өндіруші құрылғының дұрыс орнатылмауы және осы нұсқаулықтағы ұсыныстарға
немқұрайлы қарауы салдарынан болған қателіктерге жауапты емес, соның ішінде:
a) Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын қажетті біліктілігі бар
мамандар ғана орындауы тиіс.
b) Құрылғының жиынтығына кіретін қауіпсіздендірілген қақпақшаны бітеуге немесе
ауыстыруға болмайды.
c) Электрлі жалғау «3.3.Электр сымына жалғау» бөліміндегі нұсқауларға сай
жүргізілуі керек.
d) Сужылытқыш қабырғаға оның салмағын көтере алатындай орнатылуы тиіс.
Құбыр ұзындығы бойындағы жылуды жоғалтуды азайтып, сақтау үшін, аспапты
ыстық су көзіне жақынырақ орналастыру керек.Техникалық жөндеу жұмыстарын жүргізу
және сымды электр розеткадан ажырату үшін, құрылғының электр бөлшектерін аспаптың
айналасында кем дегенде (0,5м шамасында) кеңістік қалатындай, әрі ешқандай кедергі
болмайтындай оңай қолжетімді жерге орналастырылуы тиіс. Сонымен қатар, сужылытқыш
төбеден және қабырғадан кем дегенде 20-25 см қашықтықта орнатылуы тиіс.
3.1 Бекіту әдістері
Сужылытқыш құрылғысының бұл үлгісін пайдаланушы өз қалауымен не тік қалпында, не
көлденең қалпында орната алады, екі нұсқа да құрылғыны орнату үшін жарамды.
1. Назар аударыңыздар! Сужылытқышты көлденең орнату нұсқасы тек төмендегі
суретте көрсетілгендей сужылытқыштың келте құбырларын тек сол жаққа қарай ғана
жалғап орнатуға болады. Құрылғыны монтаждау барысында сужылытқыштың келте
құбырларын оң жаққа қарай жалғап орнатуға болмайды!
Сужылытқышты көлденең орнату барысында салқын су сужылытқыштың төменгі келте
құбырына жалғанады, бұл жағдайда сужылытқыштың жеткізілім жиынтығына кіретін
қорғауыш қақпақшасы сужылытқыштың төменгі келте құбырына орнатылады.
Жылытылған су жоғарғы келте құбыры арқылы тұтынушыларға жіберіледі (төмендегі
суретті қараңыз).
2. Сужылытқышты тік қалпында орнату барысында салқын су сужылытқыштың ОҢ
ЖАҚТАҒЫ келте құбырына жалғанады, және оның қорғауыш қақпақшасы осы ОҢ
ЖАҚТАҒЫ келте құбырына орнатылады. Бұл жағдайда жылынған су СОЛ ЖАҚТАҒЫ
келте құбыры арқылы тұтынушыларға жіберіледі (төмендегі суретті қараңыз).

Содержание

Скачать