Polaris ALPHA IMF 100V/H [42/46] Қ ызмет к ө рсетуі

Polaris ALPHA IMF 50V/H [42/46] Қ ызмет к ө рсетуі
42
Белгіленген температураға жеткенде орнатылған термостат автоматты түрде
қыздыру элементін өшіреді және оның индикаторы сөнеді. Содан кейін сужылытқыш
температураны қолдау режимінде болады.
Температураны қолдау режимінде белгіленген температура төмен түссе,
сужылытқыш автоматты түрде қосылады.
Назар аударыңыз! Сужылытқыштағы суды ішуге және тағам дайындауға болмайды.
Егер сужылытқышты узақ уақыт бойы қолданбасаңыз, температура реттеуішін және
қуаттылықты ауыстырып-қосқышты Off қалпына қойып, суық суды шығаратын бұранданы
жабыңыз және құрылғыны электр желіден ажыратыңыз.
1. Сужылытқышты тазарту.
Пайдалану барысында сужылытқышты тазарту (суды толық шығару) жарты жылда бір рет
жүргізілуі керек.
Іс-әрекеттің реті:
- сужылытқышты электр желісінен ажыратыңыз.
- магистраль жүретін суқұбыры кранын жабыңыз.
- смесительдегі ыстық судың кранын ашыңыз.
- сақтандыру қақпақшасындағы су шығаратын кранды ашыңыз.
Назар аударыңыз! Су өте ыстық болуы мүмкін.
- лас және қалдық суды төгіңіз.
2.Қақты кетіру.
Қыздыру элементінде қақ немесе тұнба көп мөлшерде пайда болса, қыздыру элементін
алып, тазартыңыз.
Оны қайта орнату кезінде келесі шараларды қолданыңыз:
- бұрандаларды артық күш салмай, бірдей етіп бұрап, орнатыңыз.
- бекітілген тіреуіш қисық орнатылмауы тиіс.
Құралдың бөшкесіне су толтырылғаннан кейін, оны электр желісіне қосыңыз.
6.Қызмет көрсетуі

Содержание

Скачать