Polaris ALPHA IMF 100V/H Инструкция по эксплуатации онлайн [39/46] 451172

Polaris ALPHA IMF 80V/H Инструкция по эксплуатации онлайн [39/46] 451171
39
б) Бұрғылап тесілген саңылауларға ілмегі бар анкерлі бұрандаларды
орнатыңыз.
в) Сужылытқышты корнштейнін анкерлі бұрандаларының
ілмектеріне бекітіңіз.
Назар аударыңыз! Қабырғаның құрылымы суға толтырылған
сужылытқыштың екі есе салмағын көтеруі тиіс.
3.2 Сумен жабдықтау жүйесіне қосылу:
1. Сужылытқышқа жалғанатын шланг пен құбыр жалғағыштары 12 бар-ге (1,2 МРа)
дейінгі келетін жұмыс қысымын және + 100C температураны көтеруі керек.
2. Стандартты жалғау кезінде сужылытқыш магистральда анықталған қысымда
болады.
Сужылытқыштың кіріс құбыры сумен жабдықтау жүйесіне сақтандыру
қақпақшасы арқылы жалғанады, құралдың жинағына кіреді. Сумен жабдықтау
жүйесіне жалғаған кезде пайдалануға ыңғайлы болу үшін сужылытқыштың кіріс құбыры
мен сақтандыру қақпақшасының аралығына сужылытқыштан су шығатын құбыр
жалғанатын үшайыр су бұратын құрылғысын орнатыңыз (кенеттен ашылып кетпес үшін
арнайы кілтімен ашыңыз).
Сақтандыру қақпақшасын бұрандалау кезінде сындырып алмас үшін, шектен тыс күш
жұмсамаңыз.
Сақтандыру қақпақшасы екі түрлі қызмет атқарады:
- суды тек бір бағытта өткізеді (теріс қақпақша болып табылады).
- қысым 7 бардан асқан кезде суды қыр жағындағы (жанындағы) тесік арқылы ығыстырады
(7 барға калибрленген).
Қыздыру режимінде сақтандыру қақпақшасының дренаж тесігінен су тамшылауы
мүмкін, бұл қалыпты жағдай болып табылады және су жылыту кезіндегі бөшкедегі судың
көбеюіне байланысты. Қақпақшаның тетігін су шығару жүйесіне иілмелі түтікше арқылы
орнатуды ұсынамыз.
Қақпақшаның тесігін ешқандай жағдайда да жабуға болмайды!
Егер магистральдағы судың қысымы 4,5 бардан (0,45 МРа) асса, су жолына қысым
реттеуішін орнату керек.
Бұл сужылытқыш жабық типтегі қыздырғыш болып табылады, сондықтан оған
бірнеше су тұтыну көздерін жалғауға болады.

Содержание

Скачать