Polaris PUH 4570 TFD [26/38] Polaris

Polaris PUH 4570 TFD [26/38] Polaris
26
УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ АУА ЫЛҒАЛДАҒЫШЫ
POLARIS
Моделі PUH 4570 TFD
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық жəне дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сəйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге
қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта
жəне орама материалымен бірге сақтаңыз.
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдаланады.
Əр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың жəне желілік сымның ақауы
болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Құралды балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Аталмыш құрал құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тəжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа
сыйымдылықтардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға мүлдем болмайды.
Қосымша қорғаныс үшін қорғанысты сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнату қажет. Кеңесті білікті
маманнан сұрап алыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстық ауаның, тікелей күн
көзіне жəне ылғалға ұшырамайтындай етіп, сүйір бұрыштарға соғылудан сақталуы керек.
(құралды ешқашан суға батырмаңыз).
Құралды дымқыл қолмен ұстамаңыз. Құрал дымқылданып қалса, бірден желіден ажыратыңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, тазарту алдында немесе құрал сынып қалса əрдайым желіден
ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсель ашасынан
ұстаңыз.
Құралды сақтау барысында, оның электрмен қоректендіру сымы қауіпсіз тартылған болуы тиіс,
оның қысылып не сынып қалмаған екендігіне толық тексеріңіз, себебі, уақыт өте келе бұл
сымның үзілуіне əкеп соғуы мүмкін.

Содержание