Polaris PUH 4570 TFD Инструкция по эксплуатации онлайн [31/38] 451180

Polaris PUH 4570 TFD Инструкция по эксплуатации онлайн [31/38] 451180
31
- таймерді қосу жəне құрылғыны таймер арқылы автоматты түрде сөндіру функциясын орнату
батырмасы
бөлмежайдағы ауа ылғалдылығының деңгейін орнату / түнгі режимін қосу
- жылы бу режимін /ауаның иондануы режимін іске қосу /сөндіру
Құрылғыны іске қоспас бұрын пайдалануға дайындау
Алғаш рет пайдаланар алдында электрлік ауа ылғалдандырғышты іске қоспас бұрын
бөлмежайда орналастырып, 30 минутқа қалдырыңыз.
Қашықтықтан басқару пультіне арналған ААА типтегі батареяларды олардың корпусында
көрсетілген таңбалауына сəйкес қарама-қарсылық заңың сақтап, орнатыңыз.
Құрылғының жоғарғы қақпағын будың шығуына арналған диффузорымен бірге ауа
ылғалдандырғыштан ажыратып алыңыз.
Ауа ылғалдандырғыштың суға арналған сыйымдылығын (3) (суға арналған резервуарын) тек
суық, таза суды пайдалана отырып қана, суға арналған саңылауы арқылы сумен ақырындап
толтырыңыз (ақ дақ қалмас үшін, ең дұрысы дистилденген суды немесе тазартылған суды,
яғни сүзгіден өткізіп алған сүзілген суды ғана қолданыңыз). Құрылғының суға арналған
сыйымдылығын (резервуарын) сумен толтырған кезде, судың құрылғыдағы бу
шығатын саңылауларына тамып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының жоғарғы қақпағын будың шығуына арналған диффузорымен бірге ауа ауа
ылғалдандырғышқа орнатыңыз да, жабыңыз.
Құрылғының қуат беретін электр желілік баусымның штепсельдік айырын электрлік
желісіне жалғастырып қосыңыз. ЕГЕР ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СУҒА АРНАЛҒАН
СЫЙЫМДЫЛЫҒЫНДА СУ БОЛМАСА НЕМЕСЕ СУ АЗАЙЫП, ТАУСЫЛЫП ҚАЛҒАН
ЖАҒДАЙДА ЕШҚАШАН ЭЛЕКТРЛІК АУА ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШТЫ ІСКЕ
ҚОСПАҢЫЗ.
Ауа ылғалдандырғыштың электр желілік баусымның штепсельдік айырын электрлік желіге
жалғастырып, қосыңыз. Құрылғының электр желілік баусымның штепсельдік айыры ашалы
розеткасына толық кіріп, тығыз жалғанып тұрғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғының
дисплейінде мына қуат көзі болып табылатын индекаторы жанады.
Ауа ылғалдандырғышты іске қосу үшін, оның басқару панеліндегі немесе құрылғының
қашықтан басқару пультінде орналасқан іске қосу/сөндіру белгісі бар батырмасын басу
қажет. Ауа ылғалдандырғыш іске қосылған соң, дисплейдің бетінде бөлмежайдағы ауаның
ылғалдылық деңгейін жəне ауаның температуралық мəнін көрсететін сандық көрсеткіштері
жанып, көрініс табады.
Ауа ылғалдандырғышты іске қосқан соң, ол автоматты режимінде жүмыс істей бастайды.
Автоматты түрде таңдап, бөлмежайдағы ауа ылғалдылықтың қолайлы жағдайын қамтамасыз
ететін оңтайлы ылғалдандыру режимін орнатады. Егер бөлмежайдағы ауа ылғалдылықтың
деңгейін білдіретін көрсеткіштері ағымдағы ауа температурасына сəйкес келетін мəндерден
төменірек болса (төмен жақта орналасқан кестені қараңыз), ауа ылғалдандырғыш автоматты
түрде бу жіберудің режиміндегі ең жоғары жұмыс жылдамдылығында жұмыс істей
бастайды. Бөлмежайдағы ауа ылғалдылықтың деңгейі рұқсат етілген есептік
көрсеткіштерінің парметрлеріне жеткен кезде, ауа ылғалдандырғыш автоматты түрде буды
жіберудің əдепкі қалпы бойынша орнатылған ең төменгі жұмыс жылдамдылығында жұмыс
істей бастайды. Құрылғы əр минут сайын, бөлмежайдағы қолданылатын ауа температура
мен ауа ылғалдылық деңгейлерінің айырмашылығы мен сəйкестігін анықтап, будың
жіберілуі жылдамдығына автоматты түрде бақылау жасайды.

Содержание