Polaris PUH 4570 TFD Инструкция по эксплуатации онлайн [33/38] 451180

Polaris PUH 4570 TFD Инструкция по эксплуатации онлайн [33/38] 451180
33
деңгейінің мəні құрылғының жадысында сақталып қалады. Егер де, бөлмежайдағы
ағымдағы ылғалдандыру деңгейінің мəні жанадан белгіленген ылғалдандыру мəнінен
жоғары болса, құрылғы «ұйқы» режиміне ауысады. Бірақ, егер де, бөлмежайдағы ағымдағы
ылғалдандыру деңгейінің мəні жанадан белгіленген ылғалдандыру мəнінен төмен болса, ауа
ылғалдандырғыш жұмыс істей бастайды, яғни құрылғының ылғандыру функциясы іске
қосылады.
«Таймер» функциясы, құрылғыны таймер арқылы автоматты түрде сөндіру функциясын
орнату: құрылғының автоматты түрде сөнуіне дейінгі қажетті жұмыс уақытысын (1 сағаттан
12 сағатқа дейін 1 сағат қадаммен) орнатуға мүмкіндік береді. Таймерді іске қосу үшін мына
көрсетілген белгісі бар батырмасын қайта-қайта біртіндеп басу арқылы құрылғының
автоматты түрде сөнуіне дейінгі қалаған уақытыңызды 1-ден - 12-ге дейін таңдап, белгілеңіз.
Дисплейдің бетінде таңдалған уақыттық мəні, яғни таймердегі құрылғының автоматты түрде
сөнуіне дейін белгіленген уақыттық мəні көрсетіледі. Таймер функциясын сөндіру үшін,
мына “--“ белгісі бар мəнін таңдаңыз (бұл мəн 12 сағат мəннен кейінгі ең соңғы мəні болып
табылады). Сондай-ақ, «Таймер» функциясын мына көрсетілген белгісі бар
батырмасын басып ұстап тұрып сөндіруге болады.
Əрқашан құрылғының суға арналған сыйымдылығындағы (резервуарындағы) судың
мөлшерін бақылап отырыңыз. Егер құрылғының жұмысы барысында, оның суға арналған
сыйымдылығында (резервуарында) су таусылып қалған болса немесе оның ішінде су азайып,
судың мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда ауа ылғалдандырғыш автоматты түрде сөнеді.
Дисплейдің бетінде құрылғының суға арналған сыйымдылығында (резервуарында) судың
мөлшері жеткіліксіз екенін көрсететін жарық индикаторы жанады. Құрылғының суға
арналған сыйымдылығына (резервуарына) су құйып толтырыңыз, құрылғы жұмыс істей
бастайды.
Құрылғыдағы мына көрсетілген зарарсыздандыру белгісі бар батырмасын басу
арқылы ауа ылғалдандырғышта «жылы бу» режимін іске қосуға болады. Дисплейдің бетінде
мына көрсетілген жарық индикаторы жанады жəне 10-15 минуттан кейін құрылғыдан
жылы бу шыға бастайды.
зарарсыздандыру белгісі бар батырмасын қайтадан басқан кезде, құрылғыдағы ауаның
иондануы режимін іске қосады. Дисплейдің бетінде мына көрсетілген жарық
индикаторы жанады.
зарарсыздандыру белгісі бар батырмасын үшінші рет басқан кезде, ауа
ылғалдандырғышта «жылы бу» режимі сөнеді.
зарарсыздандыру белгісі бар батырмасын төртінші рет басқан кезде, құрылғыдағы
ионизаторы сөнеді.
Түнгі режимі: мына көрсетілген ылғалдандыру белгісі бар батырмасын ұзақ басу
арқылы ауа ылғалдандырғыш құрылғының түнгі режимін іске қосуға болады. Түнгі режимі
іске қосылған соң, құрылғының дисплейінде мына көрсетілген қызыл индикатордан
басқа барлық индекаторлары сөнеді. Дисплейді белсендіру үшін құрылғыдағы кез келген
батырмасын басыңыз.

Содержание