Polaris PCWH 2019Di​ [17/24] Kерамикалық жылытқыш

Polaris PCWH 2019Di​ [17/24] Kерамикалық жылытқыш
17
Kерамикалық жылытқыш
POLARIS
Моделі PCWH 2019Di
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге
қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта
және орама материалымен бірге сақтаңыз.
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құралды тек тұрмыста ғана пайдалану үшін қолданылады.
Құралды тек қана мақсаты бойынша пайдаланады.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақауы
болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батырып, салуға мүлдем болмайды.
Қосымша қорғаныс үшін қорғанысты сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнату қажет. Кеңесті
білікті маманнан алыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
үшін жерге тұйықталу бекітілген электротехникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс. Стандартты
емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Назар аударыңыз! Құралды штаттан тыс, яғни, оқыс күйде ( еденге немесе басқа да
көлденең бетке орнату кезінде) пайдалану жылу деформациясына немесе құралдың
сынуына әкеп соқтыруы мүмкін. Қажетті ережелерді сақтамай құралды орнату Сізді
кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады!
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан күн сәулесінің тікелей
түсуінен, ылғалдықтан (ешқашан құралды суға батырып салмаңыз), сонымен қатар, сүй
бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды. Құрал
дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, тазарту алдында немесе ақау анықталған жағдайда құралды
әрқашан желіден ажыратыңыз.
Аталмыш құрал құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Скачать