Samsung WF1700WC [122/132] Ақаулықтарды жою жəне қате туралы хабарламаларды оқу

Samsung WF1700WC [122/132] Ақаулықтарды жою жəне қате туралы хабарламаларды оқу
34_ Ақаулықтарды жою жəне қате туралы хабарламаларды оқу
Ақаулықтарды жою
жəне қате туралы
хабарламаларды оқу
АҚАУЛЫҚТАР МЕН ОЛАРДЫ ЖОЮ ТƏСІЛДЕРІ
ҚИЫНДЫҚ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Кір жуғыш машина
қосылмайды
Машинаның электр желісіне дұрыс қосылғандығына көз
жеткізіңіз.
Есігі тығыз жабылғандығына көз жеткізіңіз.
Су құбыры краны ашық екендігіне көз жеткізіңіз.
Қосу/Тоқтату түймешесінің басылып тұрғандығына көз
жеткізіңіз.
Су келмей тұр немесе аз
мөлшерде келіп тұр.
Су құбыры кранын толық ашыңыз.
Су жіберетін шлангтің қатып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су жіберетін шлангтің майысып тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
Су жіберетін шлангінің сүзгісі кірмен бітеліп қалмағандығына
көз жеткізіңіз.
Кір жуу аяқталғаннан
кейін бөлікте кір жууға
арналған құрал қалады.
Машина жеткілікті су қысымында жұмыс істеп тұрғандығына көз
жеткізіңіз.
Кір жууға арналған құралды кір жууға арналған құрал бөлігінің
ортасына салыңыз.
Кір жуғыш машина
дірілдейді немесе тым
шулы жұмыс істейді.
Машина тегіс жерге орнатылғанына көз жеткізіңіз. Егер
орнатылған жер тегіс болмаса, машинаны түзу орнату үшін
аяқтарының биіктігін реттеңіз.
Тасымалдау бұрандаларының алынып тасталғанына көз
жеткізіңіз.
Машина кез келген басқа затпен жанасып тұрмағандығына көз
жеткізіңіз.
Кірдің біркелкі салынғандығына көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш машина суын
ағызбайды немесе кірді
сықпайды.
Су ағызатын шлангтің майысып тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
Шлангті түзетіңіз.
Сүзгінің кірмен бітеліп қалмағандығына көз жеткізіңіз.
Есігі ашылмайды
Кір жуғыш машинадан судың толық ағып кеткендігіне көз
жеткізіңіз.
Есік құлпысы индикаторының жанып тұрмағандығына көз
жеткізіңіз. Суды ағызып тастағаннан кейін индикатор өшіп қалуы
керек.
Егер қиындықтар жойылмаса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
WF1702WC-03056B-01_KK.indd 34 2011-6-29 9:44:17

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения