Samsung RL-57 TTE2A [145/184] Тоңазытқышты орнату және теңшеу

Samsung RL-57 TEBIH [145/184] Тоңазытқышты орнату және теңшеу
Орнату және теңшеу _13
01 ОРНАТУ ЖӘНЕ ТЕҢШЕУ
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУҒА
ДАЙЫНДАУ
Samsung тоңазытқышын сатып алғаныңыз үшін
алғыс білдіреміз. Осы құрылғының көптеген заманауи
қызметтері мен ерекшеліктеріне ризашылық
білдіресіз деген үміттеміз.
Осы тоңазытқышты пайдаланбас бұрын оны
нұсқаулыққа сәйкес ыңғайлы жерге орнатыңыз.
Бұл құрылғыны осы нұсқаулықта сипатталған
мақсатына сай қолданыңыз.
Бұл құрылғының кез келген жөндеу жұмыстарын
білікті маман орындауы тиіс.
Құрылғының қаптамасын кәдеге
тастар алдында
оның қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндігіне көз
жеткізіңіз.
Тоңазытқыштың ішкі жарықтандыру
бөлшектерін ауыстырмас бұрын қуат алатын
шнурдың айырын розеткадан алып тастаңыз.
- Электр тогымен зақымдану қаупі бар.
Тоңазытқышты орнататын жерді
таңдау
Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түспейтін
жерге орнатыңыз.
Орнатылған жердегі еден тегіс болуы тиіс.
Тоңазытқыштың есігіне айтарлықтай кеңістік
қалдырыңыз.
Ауа алмасуы үшін оң, сол, артқы және үстіңгі
жақтарын жеткілікті орынмен қамтамасыз етіңіз.
Жеткілікті орын қалдырмаған жағдайда ішкі суыту
жүйесі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрылғыны күтіп-баптау мен жөндеу жүргізе
алатындай етіп орналастыру керек.
Құрылғының биіктігі үлгіге байланысты
әртүрлі болуы мүмкін.
Орнатқан кезде тоңазытқыштың оң жағынан, сол
жағынан, артқы жағынан және төбесінен бос
орын қалдырыңыз. Бұл электр қуатын үнемдеуге
көмектеседі.
Тоңазытқышты температурасы 10ºC-тан төмен
бөлмеге орнатпаңыз.
Тоңазытқышты орнатқан немесе
жөндеген немесе оның арт жағын
тазалаған кезде оны ашық жерге
абайлап
қозғалтыңыз да, содан кейін қайтадан орнына қойып
қойыңыз. Бөлмедегі еден азық-түліктерге толы
тоңазытқыштың салмағын көтере алатындығына көз
жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
АБАЙЛАҢЫЗ
Тоңазытқышты орнату
және теңшеу
960mm
50mm
50mm
1,165mm
600mm
560mm
кемінде
кемінде
2000mm (RL55*/RL57*)
2000mm (RL55*/RL57*)
немесе
немесе
1920mm (RL52*)
1920mm (RL52*)
100mm
100mm
50mm
50mm
DA99-02116B-26.indb Sec4:13DA99-02116B-26.indb Sec4:13 13. 6. 18.  7:4313. 6. 18.  7:43

Содержание