Ore CA30A [10/16] Ескертулер

Ескертулер:
1. Шыны керамикалық плитаның қаптамасын ашқаннан кейін оның бүтіндігін
тексеріңіз. Қандай да бір ақаулық болған жағдайда жеткізушімен хабарласыңыз.
2. Сізден қаптаманы экологиялық залал келтірмейтіндей етіп кәдеге жаратуыңызды
сұраймыз.
3. Қандай жағдайларда да лектр сымдарын өз бетіңізбен маманды шақырмай
ауыстырмаңыз.
4. Плитаны экологиялық қауіпсіз әдіспен кәдеге жаратыңыз.
5. Бұл бұйым физикалық, сенсорлық мүмкіндігі немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі
тұлғалардың (балаларды қоса), сонымен қатар тәжірибесі мен білімі жетпейтін
адамдардың пайдалануына арналмаған.
6. Зақым келмеу үшін үлкендер жоқта балалар плитаның жанында болмауы керек.
7. Бұйым жұмыс істеп тұрғанда пісіру плитасының қызған бөлігіне тікелей қарауға
болмайды.
8. Пайдаланылғаннан кейін плитаның ашық бөлігі ұзақ уақыт бойы ыстық болуы
мүмкін. Балалар күйіп қалмауы үшін плитаға жақындатпаңыз.
9. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Шытынаған бетті бұйымды пайдалануға тыйым салынады.
10. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Плита бетінің температурасы 95С-ден асады. Орнату бойынша
нұсқаулықты мұқият орындаңыз.
11. ЕСКЕРТУ: Бұйымды пайдалануда оның қолжетімді тетіктері ысып кетеді. Қызған
тетіктерге жанаспау үшін абай болу керек. 8 жасқа жетпеген балалар бақылауда
болуы керек.
12. Бұйым сыртқы таймердің көмегімен немесе қашықтықтан басқарудың жеке
жүйесімен жұмыс істеуге арналмаған.
13. ЕСКЕРТУ: Пісіру плитасын күтімсіз қалдырса (май қалдығы), қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
Плита жұмыс істеп тұрғанда ЕШҚАШАН өртті сумен өшіруге тырыспаңыз. Алдымен
плитаны өшіріп, отты сосын өшіріңіз.
14. ЕСКЕРТУ: Өрт шығу қаупі: ас үйлік плитаның үстінде зат сақтамаңыз.
15. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ас пісіру барысы бақылауда болу керек. Аспаздық іс-әрекет
үнемі бақылауда болуы қажет.
Аталған нұсқаулықта бұйымды қосудың толық мәліметі берілген.
Өндіруші осы нұсқаулықтағы баспа немесе транскрипцияда жіберілген қатеге, сонымен
қатар бағыт беруге ғана арналған сурет сызбасындағы түсініксіздік үшін жауапты емес.
Бұйымның негізгі қызметі мен сақтық қызметіне залал келтірмей, пайдаланушы үшін
қажетті немесе пайдалы болатын кез-келген өзгерту енгізуге өндірушінің құқы бар.