Redmond RFM-5301 [16/20] Пайдаланған кезде олардың ыдыстарын жартысынан асырмай толтырыңыз өңдеуді ең

Redmond RFM-5301 [16/20] Пайдаланған кезде олардың ыдыстарын жартысынан асырмай толтырыңыз өңдеуді ең
16
8. Қондырма блогының фиксаторы
9. Жылдамдықты реттеуші
10. Электр сымы
11. Сорғышы бар негізі
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырма-
ларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Құрылғының моторлы блогын ылғалды шүберекпен сүртіп жіберіңіз. Аспапты құрастырар
алдында барлық бөлшектері бөлме температурасында толығымен кебуі тиіс. Әзірлеудің
алдында еттартқыштың сыртқы және көзге көрінетін ішкі бөліктерінде зақым, жарық және
басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аспаппен жұмыстағы жалпы әрекеттер
Аспаптың құрамына кіретін тостағанды орнатпастан аспапты қосуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Аспаптың жүктемемен бірге үздіксіз жұмыс уақыты 10 минут аспауы тиіс. Қосылулар
арасындағы ұсынылатын үзіліс – 30 минут.
Планетарлық миксерге арналған рецептілер «Готовим с REDMOND» мобильді қосымша-
сында қол жетімді. Қосымшасын App Store немесе Google Play қосымша магазиндерінен
жүктеуге болады (пайдаланылатын құрылғының операциялық жүйесіне байланысты).
Механикалық сынудан сақтану үшін жылдамдықты реттегішті шеткі жағдайдан әрі
бұрпаңыз!
Көпіршіткен кезде азық-түліктің көлемі ұлғаюы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Миксер
пайдаланған кезде олардың ыдыстарын жартысынан асырмай толтырыңыз. Өңдеуді ең
төмен жылдамдықта бастаңыз да, қажетінше жылдамдығын арттырып отырыңыз.
Миксерді пайдалану
Аспаптың жеткізілім жиынтығына – миксерге арналған үш саптама кіреді:
сыпырғыш-саптама кілегейді, жұмыртқаны көпіршітеді, үлпілдек кремдер, мусстар,
әр-түрлі десерттер әзірлеуге мүмкіндік береді;
Шақайтын саптаманы қою қоспаларды дайындау үшін пайдаланбаңыз, бұл оның
сынуына әкелуі мүмкін!
Көпіршітілуге арналған жұмыртқалардың саны үш данадан кем болмауына
назар аударыңыз.
көпіршітуге арналған саптама кремдер, әйнекейлер, сұйық салындылар және тұздықтар
әзірлеу үшін пайдаланылады;
Қалың қамырды дайындау үшін араластыруға арналған саптаманы пайдалан-
баңыз, бұл сынуға әкелуі мүмкін!
қамыр араластыруға арналған саптама қою ашытқы қамырды илеуге мүмкіндік береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Саптамаларын ауыстырмас бұрын аспапты міндетті түрде электр
желісінен ажыратыңыз.
Миксермен жұмыс істеген кезде, жиынтығына кіретін тостағанды ғана пайдаланыңыз.
Басқа ыдыс пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Тостағанды қақпақсыз пайдаланбауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Іске қосар алдында орнатылған қондырма ыдысқа жеткеніне көз жеткізіңіз. Қажет
болса, өнім мөлшерін ұлғайтыңыз.
Миксерді құрастыру және пайдалану тәртібін
A2
сұлбасында (4 бет) қараңыз.
Қондырма блогын көтеру үшін фиксаторды сағат тіліне бұраңыз, блок автоматты түрде
көтеріледі. Қондырма блогын төмен түсіру үшін бекіткішті сағат тіліне бұрап, содан кейін
блокты қолмен түсіріңіз.
Негізгі блокты түсіргенде мұқият болыңыз, саусақтарды салыңыз!
Тостағанды орнату үшін, оның дөңестерін аспаптағы ойықтарға келтіріп, сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Қажетті саптаманы таңдап, оны саптама бекіткіштің саңылауына тірелгенше салыңыз да
(саптама білігіндегі дөңестер бекіткіштің ойықтарына кіруі тиіс), сағат тіліне қарсы бағытта
бұраңыз. Саптаманы шешу үшін, негізгі блокты ұстап тұрып оны астынан үстіне қарай басыңыз
да, сағат тілінің бағытымен жайлап бұраңыз.
Қызып кетуден сақтау жүйесі
Құрал қызып кету кезінде оны өшіретін қорғаныс жүйесімен жабдықталған. Егер аспаптың
қозғалтқышы кенеттен тоқтаған болса, аспапты электр желісінен ажыратып, оны толығымен
суытып алыңыз. Қажет болған жағдайда аспапты азық-түлік қалдықтарынан тазартып,
аспапты қайтадан электр желісіне қосыңыз. Аспап жұмысқа дайын болады.
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Бұйымды тазалауға кіріспес бұрын оның электр қоректендіру желісінен ажыратылып,
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспаптың әр-түрлі бөлшектерін тазалаудың ұсынылған
әдістері
A3
кестесінде (5 бет) келтірілген.

Содержание