Ставр НПД-900М [12/17] Беттік сорғы нпд 900м құдықтардан ұңғымалардан ашық су қоймаларынан және магистралдық су құбырларынан тұрмыстық қажеттіліктер аясында таза суды қайтара айдауға арналған сорғыны...

Ставр НПД-900М [12/17] Беттік сорғы нпд 900м құдықтардан ұңғымалардан ашық су қоймаларынан және магистралдық су құбырларынан тұрмыстық қажеттіліктер аясында таза суды қайтара айдауға арналған сорғыны тағайындалуы бойынша қолданбау кепілдікті жөндеуден бас
БЕТТІК СОРҒЫ
Беттік сорғы НПД-900М құдықтардан,
ұңғымалардан, ашық су қоймаларынан
және магистралдық су құбырларынан
тұрмыстық қажеттіліктер аясында
таза суды қайтара айдауға арналған.
Сорғыны тағайындалуы бойынша
қолданбау кепілдікті жөндеуден бас
тартудың негіздемесі болып табылады.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Аталған бұйымды осы нұсқаулықта
аталғандардан басқа кез келген
мақсаттар үшін қолданбаңыз.
2. Бұйымды біліксіз, кәмелеттік жасқа
толмаған немесе бұйымды қолдануға
физикалық қабілеттері жеткіліксіз
тұлғалардың қолдануларына жол
бермеңіз. Бұйымды басқа тұлғаларға
берген жағдайда оны қолдану ережелері
жөнінде толығырақ айтыңыз және
аталған нұсқаулықпен таныстырыңыз.
3. Желілік кабелді сорғыны тасымалдау
және сорғыны бекіту үшін қолданбаңыз.
4. Бұйымды егер жану немесе жарылыс
қаупі бар болған жағдайда, мәселен,
тез жанғыш сұйықтықтар мен газдардың
маңында қолданбаңыз.
5. Бұйымды оның негізгі тұтқасынан
ұстай отырып жылжытыңыз.
6. Бұйымды іске қосулы күйде
жылжытпаңыз.
7. Жұмыс аймағында балалардың,
жануарлардың немесе бөгде
тұлғалардың болуларына жол бермеңіз.
8. Желі параметрлерінің бұйымда
және аталған нұсқаулықта көрсетілген
параметрлерге сәйкес екендіктеріне көз
жеткізіңіз.
9. Бұйымды желіге ажыратқыш «Сөнд»
күйінде тұрғандығына көз жеткізгеннен
кейін ғана қосыңыз.
10. Бұйыммен жұмыс жасау кезінде
жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
Қажет болған жағдайда арнайы
қолғаптарды, көзілдіріктерді және
құлаққаптарды қолданыңыз.
11. Жұмыс жасау кезінде ешбір бөліктері
бұйыммен жанаспайтындай қолайлы
киімді кию ұсынылады. Сонымен бірге
Сізде қажетсіз салдарларды шақыратын
немесе жұмысқа кедергі жасай алатын
ештеңе жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
12. Сенімсіз бекітілген өңделуші
бөлшекпен немесе тұрақсыз бетпен
жұмыс жасау ұсынылмайды.
13. Барлық электр қосылыстар ылғалдан
қорғалған орында болуы керек.
14. Бұйымның тоқтап қалуын шақыратын
жүктемеге жол бермеңіз.
15. Іске қосулы бұйымды назарсыз
қалдырмаңыз.
16. Сорғы жабдығын лай суларды,
моторлық отынды, тазартқыш
құралдарды және басқа да химиялық
сұйықтықтарды қайтара айдау үшін
қолдануға үзілді-кесілді тыйым
салынады!
17. Сорғы жабдығын тек нөлден жоғары
температурада ғана пайдалануға
болады. Жабдық құрғақ орында
орнатылған болуы керек. Сорғы
жабдығын жаңбыр кезінде және жоғары
ылғалдылық шарттарында қолдануға
тыйым салынады.
18. Ұзақ мерзімдік сақтаудың алдында
(әсіресе қысқы консервациялаудың
алдында) сорғыдан суды төгу және
кептіру қажет.
19. Желілік кабельді қызу, май және өткір
заттардың көздерінен алыс ұстаңыз.
20. Ұзартқышты қолдану кезінде
ұзартқыш параметрлерінің сорғы
жабдығының қуатына есептелген.
21. Сорғы жабдығын сусыз пайдалануға
тыйым салынады.
22. Адамдар және тірі ағзалар бар су
қоймасынан суды қайтара айдауға
тыйым салынады.
23. Қолдану алдында желілік кабелді
толықтай тарқатыңыз.
24. Жұмыс кезінде сужинағыш
саңылаудың тұнбаға немесе лайға
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ12
KAZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать