Bosch GAS 18V-10 L 06019C6300 [112/187] Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары

Bosch GAS 18V-10 L 06019C6300 [112/187] Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары
112 | Қазақ
1 609 92A 48N | (05.04.2018) Bosch Power Tools
Сорғыш үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
u Бұл шаңсорғыш балалардың,
дене немесе ой қабілеттері
шектелген, тәжірібесі және
білімі аз адамдардың
пайдалануына арналмаған. Кері
жағдайда дұрыс пайдаланбау және
жарақаттанулар қауіпі пайда
болады.
u Балаларға абай болыңыз.
Балалардың шаңсорғышпен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
u Шамшат және емен ағашының, тас немесе асбест
шаңын сормаңыз. Бұл заттектер канцерогенді болып
табылады.
ЕСКЕРТУ
Шаңсорғышты пайдалану, соратын
заттектер мен оларды дұрыс жою
туралы қажетті ақпаратты алғаннан соң ғана
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Нұсқаулықтарды дәл
орындау орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды
азайтады.
ЕСКЕРТУ
Шаңсорғыш құрғақ заттектерді
және тиісті шаралар арқылы
сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі
тоқ соғу қаупін арттырады.
u Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер
сияқты жанғыш немесе жарылатын
сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын
шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар
бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Көбік немесе су шықса
шаңсорғышты бірден өшіріп,
контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш
зақымдануы мүмкін.
u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты тек ішкі
бөлмелерде сақтау қажет.
u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қалтқыны жүйелі түрде
тазалап, оның зақымдалмағанын тексеріңіз. Кері
жағдайда шаңсорғыш дұрыс істемеуі мүмкін.
u Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз
жеткізіңіз.
u Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш
қауіпсіздігін сақтайсыз.
ЕСКЕРТУ
Шаңсорғыш денсаулыққа зиян
келтіретін шаңды жұтады. Босату
мен жөндеуді, соның ішінде шаң жинау контейнерін
тазалауды мамандарға орындатыңыз. Тиісті
химиялық затқа қарсы киім қажет болады.
Шаңсорғышты толық сүзгі жүйесінсіз
пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсуылығыңызға зиян
келуі мүмкін.
u Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз
болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін
сорғыш шлангы шаңсорғышқа қосулы тұрсын.
Шаңды жұтып жіберу мүмкін.
u Шаңсорғышты тікелей бағыттылған су ағынымен
тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су
кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
u Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу
жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
u Дұрыс пайдаланбаған аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
u Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан,
сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан,
оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылу қаупі бар.
u Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын

Содержание

Похожие устройства

Скачать