Ставр ПЭВ-1250 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/18] 509069

Ставр ПЭВ-1250 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/18] 509069
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ 15
KAZ
редуктордың корпусында орналасқан
бөліктің қақпағын (5) сағат тіліне қарсы
бұраңыз, қажет болған жағдайда
редукторға май қосыңыз және қақпақты
сағат тілі бойынша аяғына дейін
бұраңыз.
ТОЗАҢДЫҚ
Патронды шаңнан қорғаумен
қамтамасыз ету үшін аталған
перфоратордың жиынтығында патронға
орнатудың алдында бұрғының сағағына
киілетін тозаңдық қарастырылған. Оны
таспен, бетонмен және басқа да матери-
алдармен жұмыс істеу кезінде қолдану
қажет.
САҚТАНДЫРҒЫШ МУФТА
ПЭВ-1200 электр перфораторы
сақтандырғыш муфтамен жабдықталған.
Саптамалардың өңделуші материалда
қарысып қалуы кезінде «бұрғылау» және
«соққымен бұрғылау» режимдерінде
сақтандырғыш жалғастырғыш іске
қосылады, патронның айналуы
тоқтатылады және қорғаушы муфтаның
өзіндік дыбысы естіледі. Аталған
техникалық ерекшелік қолданушыны
жарақат алудан, ал электр құралын
бүлінуден қорғайды. Саптамаларды
босатқаннан кейін перфоратор қалыпты
қызметке ауысады.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр
жабдықтарына техқызмет көрсету бойын-
ша жұмыстарды жүргізу кезінде әрдайым
желілік кабельді желіден ажыратыңыз.
1. Бұйымды құрғақ, жабық бөлмеде,
балаларға қолжетімді емес орында,
0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған орта
температурасында және 80%-ға дейінгі
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
шарттарында сақтау керек.
2. Барлық бұрандалардың сенімді
бекітілгендерін тұрақты тексеріп
отырыңыз. Босап қалған бұранда
аңғарылса, тез арада оны тартып
бекітіңіз. Кері жағдайда Сіз жарақат алу
қаупіне ие боласыз.
3. Электрлі қозғалтқышқа ұқыпты қарау
қажет, оған судың немесе оның орамына
майдың тиіп кетуін болдырмау керек.
4. Желдеткіш саңылаудың әрқашан таза
болуын қадағалаңыз.
5. Көмір шөткелерін ауыстыру үшін
бекіткіш бұранданы алдын ала бұрап
босатып алып, шөткеұстағыштың
(12) қақпағын шешіңіз. Тозып қалған
шөткелерді шығарыңыз. Жаңа көмір
шөткелерін орнатыңыз. Қақпақтарды
бұранданың көмегімен қайтадан бекітіңіз.
6. Құрал редукторда майдың жеткілікті
мөлшерімен жеткізіледі. Дегенмен
де, қалыпты пайдалану үшін мезгіл-
мезгіл май қосып отыру қажет. Бұны
пайдаланудың әрбір 60 сағатынан кейін
жасау керек. Ол үшін майға арналған
бөліктің алты қырлы бұрандамаларын
жеткізілім жиынтығына кіретін алты
қырлы кілті қолданумен бұрап
босатыңыз. Ескі майды төгіп тастаңыз
және шамамен 30 грамм жаңа майды
қосыңыз. Қақпақты қайта бекітіңіз.
Көп мөлшердегі майды қоспау керек,
бұл құралдың жұмысына теріс әсерін
тигізеді. Май ауыстыруды сервистік
орталықта жүргізу ұсынылады.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Пайдалануға жарамсыз бұйымды
кәдеге жарату кезінде қоршаған ортаға
зиян келтірмеу үшін барлық шаралар-
ды қолданыңыз. Бұйымды өз бетіңізбен
кәдеге жаратуға тырысу жөн болмайды.
Арнайы қызметке жүгіну ұсынылады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать