Philips FC8768 [43/116] Қазақша

Philips FC8768 [43/116] Қазақша

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Құралды қауіпсіз түрде пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және
құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды 8 жасқа
толған және одан үлкен балалар, сондай-ақ физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
- Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
- Балалар шаң шелегін босату және тазалау, сүзгілерді тазалау және ауыстыру жұмыстарын
тек ересек адамдардың қадағалауымен жасау керек.
- Шлангты, құбырды немесе басқа бөлшекті көзіңізге, құлағыңызға бағыттамаңыз, және де
шаң сорғыш тоққа қосулы тұрғанда, ал шланг шаң сорғышқа қосулы тұрғанда, аузыңызға
салуға болмайды.
- Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.
- Құралдың ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
- Тазалағаннан кейін орнына салмай тұрып, негізгі сүзгі мен көбік сүзгісінің толық кепкенін
тексеріңіз.

- Құралды пайдаланып күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осыған ұқсас заттарды
сорғанда, көбік сүзгісінің тесіктері бітеліп қалады. Сору қуаты қатты азайып кетсе, көбік
сүзгісін тазалаңыз.
- Тек Philips түпнұсқа сүзгілерін пайдаланып, қолдан жасалған сүзгілерді қолданбаңыз.
- Сүзгілері орнатылмаса, құралды пайдаланбаңыз. Бұл моторға зақым келтіріп, құралдың
жұмыс мерзімін қысқартады.
- Үлкен заттарды сорғызбаңыз, себебі олар түтік пен шлангтағы ауа ағынына кедергі жасауы
мүмкін.
- Шаң шелегі немесе оның қақпағы дұрыс орнатылмаса, құрал істемейді.
- Жақсы жұмыс істеуі үшін, негізгі және поролон сүзгілерінің екеуінде жылына кемінде 4 рет
тазалап тұрыңыз.
- Резеңке оқшаулағыштарды алмаңыз.
- Резеңке оқшаулағыштарды химиялық тазалау құралдарымен тазалауға болмайды.
- Шаң шелегін ағын сумен шаюға болмайды. Байқамай шайып қойсаңыз, орнына салмай
тұрып, міндетті түрде алынатын қапты шешіп, кептіріп алыңыз.
- Шаңсорғышпен тазалау барысында, әсіресе ауа ылғалдығы төмен бөлмеде, шаңсорғышта
статикалық ток жиналады. Осыған байланысты түтікті немесе шаңсорғыштың басқа темір
жерін ұстағанда, ток соғуы мүмкін. Бұндай токтың соғуы зиянды емес және құралды
зақымдамайды. Бұл қолайсыздықты жою үшін, мына әрекеттерді орындаған жөн:
1 түтікті бөлмедегі басқа темір заттарға жиі тигізіп, зарядсыздандыру (мысалы, үстелдің,
орындықтың аяқтарына, радиаторға т.б.); (Cурет 2)
2 бөлмеге су қойып, ауа ылғалдылығын арттыру. Мысалы, радиатордан алынған суды
ыдыстарға құйып, бөлмеге қоюға немесе тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне
немесе жанына қоюға болады (Cурет 3).
- Шу деңгейі: Lc= 81 дБ (A).

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
 43

Содержание

Скачать