Thermex Bazooka 2 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/40] 526048

Thermex Bazooka 2 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/40] 526048
13
Электр жылыту пушкасын алғаш рет пайдаланар алдында осы пайдалану бойынша
нұсқаулықты мұқият оқыңыз және «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!» символымен
белгіленген тармақтарға ерекше көңіл бөліңіз.
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Сізді THERMEX электр жылыту пушкасын сатып алуыңызбен құттықтаймыз.
THERMEX электр жылыту пушкасы бұл жинақтылығымен, жоғары қауіпсіздігімен,
сенімділігімен және жылыту тиімділігімен ерекшеленетін заманауи жабдық.
Электр энергиясын үнемдеу және қыздыру температурасын реттеу мақсатында THERMEX
жылыту пушкалары термореттегішпен, ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызып кетуден
қорғайтын термоажыратқышпен жабдықталған.
Осы Нұсқаулық Bazooka 2, Bazooka 3, Bazooka 4.5 үлгілерінің (бұдан әрі мәтін бойынша
жылыту пушкасы, аспап, құрылғы) THERMEX сауда маркасының үрлемелі жылытқыштарына
қолданылады. Сіз сатып алған аспаптың толық атауы аспаптың корпусындағы сәйкестендіру
тақтайшасында, сондай-ақ қорапта көрсетілген.
1. ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Аспапты пайдаланар алдында осы пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз.
2. Құрылғыны, желілік кабель мен ашаны кез келген көрінетін зақымдануларға мұқият
қарап шығыңыз. Зақымданған аспапты пайдаланбаңыз. Қуат сымы оқшауламасының
зақымдануын тексеріңіз, қуат сымы ауыр заттармен бастырылып қысылмауы тиіс.
3. Аспапты нұсқаулықтарға сәйкес толық орнатылғанға дейін пайдаланбаңыз.
4. Әрқашан аяқтары орнатылған аспапты пайдаланыңыз және аспаптың корпусынан
қаптаманы алып тастамаңыз.
5. Бұл құрал үй/пәтер/гараж және өзге де тұрмыстық мақсаттағы үй-жайды қосымша
жылыту көзі ретінде үйде пайдалануға арналған.
6. Аспаптың шаңнан,ылғалдан қорғау класы - IP20. Аспапты шүмектердің, ванналардың,
бассейндердің, бұрқақтардың немесе басқа да ылғал көздерінің жанына
орналастырмаңыз. Құрал суға түспейтініне көз жеткізіңіз және құралға су мен басқа
сұйықтықтардың түсуін болдырмаңыз. Аспапқа сұйықтық тиген жағдайда оны электр
желісінен дереу ажырату керек.
7. Электр жылытқышты пайдаланар алдында электр желісінің қуат бойынша қажетті
параметрлерге сәйкес келетініне және жерге қосу арнасы бар екеніне көз жеткізіңіз.
8. Сақтандырғыш іске қосылған кезде және қызып кету салдарынан аспап өшкен кезде ол
автоматты түрде бірнеше минуттан кейін қосылады.
9. Аспапты қосуға арналған розеткада жерге тұйықтау клеммасы болуы және ылғалдан
қорғалған жерде орналасуы тиіс.
10. Баусымды толығымен түзетіңіз. Ол аспаптың корпусымен жанаспайтындығына көз
жеткізіңіз және оның қызып кетуін болдырмаңыз. Баусымды кез келген еден
ы
KZ
Скачать