Thermex Bazooka 2 [20/40] Нұқсаулы

Thermex Bazooka 2 [20/40] Нұқсаулы
18
электр жылытқыштарды автоматты түрде ажырату және қосу арқылы берілген
температураны қолдайды (0-ден +40 °С-қа дейін ұсталатын температура
диапазоны). Қажетті температураны арттыру үшін термореттегіш тұтқасын сағат
тілінің бағыты бойынша, азайту үшін – сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
c. Жайлы режім (Heat Keeper)
Қажетті қыздыру температурасын орнату және үй-жайдағы ауаның тұрақты
температурасын ұстау үшін, термостатты реттеу тұтқасын шеткі оң жаққа
ауыстыра отырып, құралды толық қуатқа қосыңыз. Бөлмедегі температура сіз
үшін қолайлы деңгейге жеткенде, шырт еткен дыбыс естігенше, сағат тілінің
бағытына қарсы термостатты реттеу тұтқасын баяу бұруды бастаңыз. Осылайша,
құрылғы сіз үшін ыңғайлы температураны есте сақтайды және оны автоматты
түрде қоса, жылыту элементін өшіреді.
5. Аспапты өшіру үшін нұқсаулық бойынша әрекет етіңіз:
a. 1. Тұтқаны 5 2-ші күйге (желдету) қойыңыз (2-сурет).
b. Бес – он минут күтіңіз. Бұл аспаптың ТЭЖ-тарын салқындату үшін қажет.
c. Тұтқаны 5 1-ші (өшіру) күйіне қойыңыз.
d. Аспапты желдеткіш жұмыс істеп болғаннан кейін кемінде он минут өткен соң
немесе аспап он минут ішінде 1- режімде(өшірулі) болған соң желіден
ажыратыңыз.
Аспаптың пайдалану мерзімін ұлғайту мақсатында аспапты сөндірудің көрсетілген
реттілігін сақтау ұсынылады. Электр жылытқыштарды алдын ала салқындатпай
аспапты ажырату электр жылытқыштардың қызып кетуіне және уақытынан бұрын
істен шығуына әкелуі мүмкін.
7. АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Ықтимал ақаулар тізімі төмендегі кестеде келтірілген.
Ақаулықтың
мазмұны, сыртқы
көрінісі және қосымша
белгілері
Ықтимал себеп
Жою әдісі
Аспап
қосылмайды
Электр қорегі желісінде
кернеу жоқ
Желілік розеткадағы кернеудің
болуын тексеру
Қорек баусымының бүтіндігін
тексеру, ақаулыны ауыстыру *
Ауыстырып-қосқыш
жұмыс істемейді
Ауыстырып-қосқыштың іске
қосылуын тексеру, ақаулыны
ауыстыру*
Ауа ағыны
жылытылмайды
Үй-жайдағы ауа
температурасы
термореттегішпен
қойылғаннан жоғары
Электр жылыту элементтерді
қосқанға дейін термореттегіш
тұтқасын сағат тілінің бағыты
бойынша бұрау керек
Электр жылыту
элементтердің қоректендіру
тізбегінің үзілуі
Үзілуді жою*
Ауыстырып-қосқыш
жұмыс істемейді
Ауыстырып-қосқыштың іске
қосылуын тексеру, ақаулыны
ауыстыру*
Электр жылыту
элементтері ақаулы
Электр жылыту элементтерін
ауыстыру*
Ескертпе: бөлшектерді ауыстырумен және тізбекті үзумен байланысты ақауларды жою үшін
арнайы жөндеу шеберханаларына хабарласыңыз.
ы
KZ
Скачать