Polaris PSJ 0601 [38/44] Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері

Polaris PSJ 0601 [38/44] Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
38
Шырынсыққышты құрастырып жинау реттілігіне кері ретпен бөлшектеңіз:
1. Итергішті құрылғыдағы тағам өнімдерін салуға арналған жүктеу саңылауынан шығарып алыңыз.
2. Құрылғының жоғарғы қақпағын сағат тіліне қарсы бұрап, тостағаннан шешіп алыңыз.
3. Шырынсыққыштың жұмыс тостағанын құрылғының корпусынан (моторлық блоктан) шешіңіз.
4. Тостағаннан иірмекті, содан кейін сүзгі-торын және сүзгі ұстағышын шығарып алыңыз.
5. Құрылғыдағы сығындыларға арналған күнжараның жұмсағын шығаратын арнасын толығымен
тазартып алу үшін, оның жұмыс тостағанының төменгі бөлігінен (оның түбі жағында
орналасқан) силиконды тығыздағышын шығарып алыңыз.
Шырынсыққышты пайдаланып болған соң, оның барлық алынбалы бөлшектерін бірден бейтарап
жуу құралы қосылған жылы сумен жуып тазартуға ұсынылады. Шырынсыққыштың барлық
алынбалы бөлшектерін жуып тазалағаннан кейін оларды салқын, таза судың астында жақсылап
шайып жіберіңіз де, құрғақ сулықпен сүртіп шығыңыз және әбден құрғақ болғанша кептіріңіз.
Назар аударыңыз! Шырынсыққыштың сүзгі-үгіткішін (сүзгі-торын) және басқа да алынбалы
бөлшектерін жуу үшін ыстық су мен ыдыс жуғыш машинаны пайдалануға тыйым салынады.
Шырынсыққыштың сүзгі-торын тазалау үшін тек құрылғының жеткізілім жиынтығына кіретін
қылшағын қолданыңыз.
Назар аударыңыз! Шырынсыққыштың сүзгі-торын жуып тазалаған кезде абай болыңыз, оны
бүлдіріп алмаңыз.
Шырынсыққыштың корпусын ( моторлық блогын) сәл ғана ылғал матамен сүртіп шығыңыз, содан
кейін құрғақ сулықпен әбден құрғатып сүртіңіз.
Назар аударыңыз! Электрқозғальқыштың блогын суға немесе басқа да кез келген сұйықтыққа
батыруға және оны ағып тұрған судың астында жууға тыйым салынады.
Құрылғыны тасымалдау және саұтау жөніндегі ережелері.
Құрылғыны құрастырып жинаңыз және сақтау үшін құрғақ жерде орналастырып қойыңыз.
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Электрлік құрылғылар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем
емес, сонымен салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды, сондай-ақ, электрлік
құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық,
құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
Құрылғыны тек оның түпнұсқалық зауыттық орама мен қаптама қорабында тасымалдауға рұқсат.
Электрлік құрылғылардың тасымалдауы нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау
және жүк тиеу-түсіру жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ететін, жүкті көлігімен тасымалдау
қағидаларына сәйкес көліктің барлық жабық түрлерінде кез келген көлік құрылғыларымен жүзеге
асырылады. Құрылғыны тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы және қаптама
қорабын пайдаланыңыз.
Ескертпе: Құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұл электр құрылғыны әдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында, қалдықтарды
қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз.
Осылайша, Сіз қоршаған ортаны сақтауға өз септігіңізді тигізесіз.
Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
Ақауларға қатысты
мәселелер
Мүмкін себебі
Ақауларды жою тәсілдері
Жүмыс барысында
шырынсыққыш
кенеттен тоқтап
қалады.
1. Құрылғының электр желілік
баусымының ашасы электр
розеткасына жалғанып
қосылмаған.
1. Құрылғының электр желілік баусымының
ашасы электр розеткасына жалғастырыңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Соковыжималка не включается
2 года назад