Polaris PVCS 1101 HandStickPRO Инструкция по эксплуатации онлайн [46/67] 537138

Polaris PVCS 1101 HandStickPRO Инструкция по эксплуатации онлайн [46/67] 537138
- 46 -
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PVCS 1101 HandStickPRO, POLARIS сауда
таңбасымен шығарылатын, тұрмыстық электрлік шаңсорғыш (бұдан әрі мәтін бойынша
шаңсорғыш, құрылғы) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның
құрастырылыммен, сонымен қатар құрылғыны сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен
танысуға арналған.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ АЯСЫ
Бұл шаңсорғышты тек тұрмыстық мақсатта осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына
сәйкес үй тұрмыс жағдайында ғана пайдалануға арналған. Бұл шаңсорғышты өнеркәсіптік және
коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, шаңсорғышты бөлмежайдан
тысқары жерде, сонымен қатар ылғалдығы жоғары және ауа температурасы +15ºС -тан төмен
жылытылмайтын мекенжайларда пайдалануға мүлдем болмайды. Өндіруші осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған
залал үшін жауапты емес.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Бұл шаңсорғыш кафель, паркет, линолеум сияқты еденнің тегіс бетін, сондай-ақ кілемдер мен
жиһаз жабындарынан құрғақ шаң-тозан мен ұсақ қоқысты сору жолымен құрғақ тазалауды іске
асырады.

Содержание

Скачать