Polaris PVCS 1101 HandStickPRO [54/67] Құрылғыны тазалау және оған күтім көрсету

Polaris PVCS 1101 HandStickPRO [54/67] Құрылғыны тазалау және оған күтім көрсету
- 54 -
1. Адаптердің істікшесін батареяның корпусында орналасқан істікшелі ағытпасына (ұяшығына)
кіргізіп жалғастырыңыз.
2. Адаптердің ашасын электр желісіне жалғастырып қосыңыз. АКБ зарядының қуаттандыру
индикаторының шамы қызыл түспен жанады. Батареядағы қуаттандыру индикаторының сигналдық
жарқырауы, бұл қуаттандыру үдерісінің басталғанын білдіреді. Аккумуляторлық батарея толғымен
қуатталған кезде АКБ зарядың қуаттандыру индикаторының шамы жасыл түспен жанып тұрады.
3. Аккумуляторлық батареяны шаңсорғыштан ажыратып бөлек қуаттандыруға болады.
Назар аударыңыз! Адаптер қуатталу үдерісі кезінде сәл қызуы мүмкін - бұл қалыпты жағдай.
Адаптердің қуаттандыруы қосылған кезде құрылғы іске қосылмайды.
АКБ-НЫ АУЫСТЫРУ
Шаңсорғыштың бұл моделінде алынбалы аккумуляторлық батарея қолданылады.
Батареяны алу қажет болса, электр желісінен ажыратылған құрылғыда батареяны ажырату батырмасын
басыңыз да, оны бағыттауыштары бойымен төмен қарай итеріп, ұяшықтан шығарып алыңыз.
Назар аударыңыз: Құрылғының жұмыс үдерісі кезінде, сондай-ақ аккумуляторды қуаттандыру
барысында, батареяны ажыратып алуға/орнатуға қатан тыйым салынады!
Уақыт өте келе аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы азаяды және құрылғының үздіксіз жұмыс
жасау ұзақтығы (уақытысы) қысқарады – бұл қалыпты нәрсе.
Техникалық диагностика, яғни ақауларды іздестіру немесе батареяны ауыстыру қажет болса
авторизацияланған (уәкілетті) POLARIS сервистік қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыз
(сервистік) қызмет көрсету орталықтарының тізімі құрылғының жеткізілім жиынтығына кіреді, сондай-
ақ www.polar.ru сайтында қолжетімді).
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ

Содержание

Скачать