Polaris PVCS 1101 HandStickPRO Инструкция по эксплуатации онлайн [52/67] 537138

Polaris PVCS 1101 HandStickPRO Инструкция по эксплуатации онлайн [52/67] 537138
- 52 -
II немесе III жүмыс режимін таңдау үшін, шаңсорғышты іске қосқаннан кейін, жұмыс
режимдерін ауыстырып қосатын батырмасын бірнеше рет басып, қажетті санын теріп, ең
тиімді режимін таңдап алыңыз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың (ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ
СИПАТТАМАСЫ ) тарауын қарап шығыңыз.
Батареяның қуаттандыруын үнемдеу үшін I жүмыс режимін пайдалануға кеңес беріледі.
Тазалаудың тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда атты ластанған аумақты тазалау үшін)
келесі жұмыс режимін таңдауға кеңес беріледі.
Электрлі қылшақ оның айналма қылшағындағы білікшенің көмегімен еден мен кілемнен
тұрмыстық қоқысты жинауға арналған. Оның құрылымы ұзын шаш, жүнді, жіп секілді
заттарды жинау үшін өнша үйлеспейді. Егер оның ішінде бітелу анықталса, құралды
пайдалануды тоқтатыңыз және оның қылшықты білікшесін тазалау бойынша барлық
шарттарын қолданып, тазалауды орындаңыз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ») тарауын қарап шығыңыз.
Шаңсорғышты сөндіру үшін оның іске қосу/сөндіру батырмасын қайтадан басыңыз.
Жиһаз жабындарын тазалау
Батареяның қуатталғанына, адаптердің электр желісінен және құралдан ажыратылғанына,
шаңжинағыш контейнері мен сүзгілері шаңнан тазаланғанына көз жеткізіңіз, осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтың («ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ»)
тарауын қарап шығыңыз. Егер шаңжинағыш контейнері мен сүзгілер шаң мен қоқыспен
бітелген болса шаңсорғышты пайдаланбаңыз, бұл шаңсорғыштың істен шығуына әкелуі
мүмкін немесе шаңсорғыш зақымдануы мүмкін.
Шаңсорғыштағы шаң сорғы келте құбырына қосымша керек-жарақты қондырып салыңыз.
Шағын-қылшақ жиһаз жабындарын тазалау үшін мінсіз сәйкес келеді, ал саңылаулы саптама
- әрең жететін кез-келген бұрыштар мен үстілерін тазалауға мүмкіндік береді.
Шаңсорғышты іске қосу үшін оның корпусындағы іске қосу/сөндіру батырмасын басыңыз.
Қажет болған кезде құрылғыдағы тазалау режимін өзгертіңіз (тазалау режимін өзгерту
туралы жоғарыдағы тарауында келтірілген сипаттамаларын қараңыз).
Шаңсорғышты сөндіру үшін оның корпусындағы іске қосу/сөндіру батырмасын басыңыз.
Шаңсорғыштың жұмыс үдерісі кезінде оның моторы өздігінен тоқтап сөніп қалса, аккумуляторлық
батареяны (АКБ-ны) зарядтаңыз және шаңжинағыш контейнері мен сүзгілерін шаң-тозаң мен
қоқыстан тазалау қажет.
Шаңсорғыштың қосымша саптамаларын қабырғалық тіреуіштегі арнайы бөлімінде (саптамаларды
бекітуге арналған спаптамалар ұстағышында орнатып) сақтауға болады. Шаңсорғыштың
қосымша керек-жарақтары қабырғалық тіреуіштегі спаптамалар ұстағышында арнайы тіректерге
қондырылу керек. Қабырғалық тіреуішті суретте көрсетілгендей қабырғаға құрастырып орнатыңыз
да, бекітіңіз.

Содержание

Скачать