Polaris PVC 1621 Retro [31/39] Құралды пайдалану

Polaris PVC 1621 Retro [31/39] Құралды пайдалану
31
7. Құралды пайдалану
Орама қорабын ашыңыз, құралды абайлықпен шығарыңыз, оның орайтын барлық материалдарды
құралдың ішінен және сыртынан алып тастаңыз.
Құбыршекті жалғастырып қосу:
Майысқақ құбыршектің келте құбырын
оның бекітпе батырмасын жоғары қарай
қаратып ауаны соратын саңылауға
орнатыңыз, сыртыл дыбысы естілмейінше
бұрап бекітіңіз.
Құбыршекті ажыратып шығару:
Алдын ала құралды сөндіріп, оны ток
көзінен ажыратыңыз, майысқақ
құбыршектің келте құбырын оның бекітпе
батырмасына басу арқылы ұяшықтан
ажыратып шығарыңыз, содаң соң келте
құбырдың түтігін өзіңізге қарай тартыңыз.
(1-сурет).
1-сурет.
Құбыршектің тұтқасындағы ұштығын телескоптық түтіктің қозғалмайтын бөлігіне
кіргізіңіз. (2- сурет).
2- сурет.
Телескоптық түтіктің қозғалмайтын бөлігіндегі пластик бекіткішті өзіңізден әрі қарай
тартыңыз, содан оның жылжымалы бөлігін қажетті ұзындыққа тартып шығарыңыз.
Телескоптық түтіктің ұзындығын реттеп алыңыз. (3-сурет).
3-сурет.

Содержание

Скачать