Polaris PVC 2101 Trinity [29/34] Шайып тазалаңыз содан кейі

Polaris PVC 2101 Trinity [29/34] Шайып тазалаңыз содан кейі
29
қалдырып, тақталы еден жабыны мен ағаштан жасалған және өзге де қатты едендік жабындарының барлық түрлерін тазартуға
болады.
- сондай-ақ, сіз құрылғыдағы қозғалтқыштың қуатын реттеуге арналған реттегішін қолдана отырып, шаңсорғыштың сору
күшін реттей аласыз. Құрылғыдағы қозғалтқыштың қуатын реттеуге арналған реттегішін алға/артқа қарай бұрап жылжытқан
кезде қозғалтқыштың айналымын бірқалыпты түрде ұлғайтып/төмендетіп, шаңсорғыштың сору күшін де ұлғайтуға/
төмендетуге болады.
Шаңсорғыштың сору күшін тазарту үдерісі орындалып жатқан кезде де ауыстыруға болады.
5. Құрылғымен пайдаланып болғаннан кейін, оның сыртқы корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасын басу арқылы
құрылғыны сөндіріңіз, содан кейін шаңсорғыштың электр желілік баусымын электр желісінен ажыратыңыз. Құрылғының
электр желілік баусымын орау үшін құрылғыдағы желілік баусымын автоматты түрде орап жинау батырмасын бір қолыңызбен
басып ұстап тұрыңыз да, екінші қолыңызбен сымды қабылданатын құрылғыға біркелкі етіп бағыттаңыз.
ШАҢДЫ ЖИНАУДЫҢ ЦИКЛОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ
Құрылғыдағы циклондық жүйе шаңды жинауға арналған қаптың болуын талап етпейді. Шаң бөліктері ауа ағыны арқалы
шаңжинағыш контейнерге сорылады. Бөлмедегі ауа шаңсорғыш құрылғының шаңжинағыш бөлігінің шығысында
орналасқан қорғаныс HEPA-сүзгісі арқылы тазаланады.
Ескертпе!
Шаңсорғышты ешқашан сүзгілерсіз, сондай-ақ бүлінген немесе тазартылмаған сүзгілер орнатылған күйінде
пайдаланбаңыз. Әйтпесе шаң тікелей моторға өтіп, құрылғының бұзылуына әкелуі мүмкін.
8. Құрылғыны тазалау және сақтау жөніндегі ережелері
Шаңсорғыштың шаңжинағыш контейнерін тазарту.
1. Алдымен шаңсорғышты өшіріп, оның электр желілік баусымның ашасын электр розеткасынан суырып ажыратыңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажырату барысында, оның желілік баусымнан емес, штепсельдік ашасынан ұстап
ажыратыңыз. Шаңсорғыштың электр желілік баусымның ашасын электр желісінен ажыратқан кезде, оның
тоқөткізгіш түйіспе істіктеріне қолыңызды тигізбей, тек қана оның штепсельдік ашасынан ұстаңыз.
2. Құрылғыдан шаңжинағыш контейнерін тазарту жүйесімен бірге шешіп ажыратып алыңыз, ол үшін шаңжинағыш
контейнерін бекітуге арналған бекіткіш батырмасын (2) басып ұстап тұрыңыз да, контейнерді оның тұтқасынан ұстай,
өзіңізге қарай сәл ғана тартыңыз, содан құлып ашылған соң шаңсорғыштан шаңжинағыш контейнерін тұтқасынан
ұстап шығарыңыз.
3. Шаңжинағыш контейнерін тұтқасынан ұстай, оның жоғарғы қақпағын төмен қарата қоқыс жәшігінің үстінен
орнатыңыз, оны сол күйінде ұстап тұрып, шаңжинағыш контейнердің жоғарғы қақпағын ашуға арналған бекіткіш
ілмегін ағытып алыңыз да, қақпағын ашыңыз, содан соң оны сәл қағып-сілкіп шаң-тозан мен қоқыстан босатыңыз.
Шаңжинағыш контейнерін қоқыс пен шаңнан тазалап болған соң, шаңжинағыштың корпусын және циклондық
сүзгілеу жүйесінің элементтерін салқын ағын судың астында жуып-шайып тазалаңыз, содан кейін циклондық
сүзгілеу жүйесінің элементтерін және шаңжинағыш контейнерін құрғақ шүберекпен жақсылап сүртіп шығыңыз да,
жақсы желдетілетін бөлмеде, ешбір қыздырусыз табиғи түрде құрғатыңыз, яғни бөлме температурада үтік сияқты
қыздырғыш немесе кептіргіш құрылғыларды қолданбай әбден құрғақ болғанша қептіріңіз, содан кейін шаңжинағыш
контейнердің қақпағын жабыңыз.
4. Шаңжинағыш контейнердің түбі жағында орналасқан бөлігінен HEPA сүзгісін шығарып алыңыз. HEPA сүзгінің ішкі
қуысындағы шаңды қағып сілкіп тастау үшін, бұл сүзгіні оның төменгі шетжағымен тегіс металл емес бетке сәл ғана
тықылдатып соғып алыңыз. Қажет болса НЕРА сүзгіні салқын ағын судың астында жуып-шайып тазалап шығыңыз,
жуу барысында сабын немесе өзге де жуғыш құралдарды немесе ағартқыш заттарды пайдаланбаңыз! НЕРА сүзгіні
бөлме температурада 24 сағат бойы, ол әбден құрғақ болғанша кептіріңіз. HEPA– сүзгісін шаңжинағышқа орнатпас
бұрын мұқият қарап шығыңыз, оның еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Сүзгінің немесе сүзгілеу жүйесіндегі
элементтерінің бүлінуі, зақымдалуы, үзілуі немесе деформациялануы және басқа да ақаулықтар анықталған жағдайда,
ондай бүлінген сүзгілерді басқа жаңа түпнұсқаулық біреуіне ауыстырыңыз.
5. Шаңсорғышты артқы жағымен өзіңізге қарай қаратып орналастырып қойыңыз. Шаңсорғыштың тұтқасын жоғары қарай
көтеріңіз, бұл тұтқаның астында орналасқан батырмасын басыңыз да, шығыс сүзгі орнатылған бөлігінің қақпағын ашыңыз,

Содержание

Скачать