Polaris PGS 2020VA — тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін құрылғының нұсқаулығы [34/51]

Polaris PGS 2020VA [34/51] Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
33
Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PGS 2020 VA POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын,
киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін вертикаль
үтіктегіш құрылғы (бұдан әрі мәтін бойынша – тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік
үтіктегіш, бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғы, құрылғы) жөніндегі техникалық
деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны сақтау және
пайдалану бойынша ережелерімен танысуға арналған.
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Бұл киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін
үтіктегіш құрылғы электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес
пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі қондырғыларын
техникалық пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр қондырғыларын
техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы
тиіс.
Бұл тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғы осы нұсқаулықтың ережелеріне
сәйкес тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.
Бұл электрлік тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін құрылғыны пайдалануды бастамас
бұрын, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз.
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оның электр желілік баусымын және де, бу түтігін
мұқият түрде қарап шығыңыз, олардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Құрылғының және оның
электр желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны ешбір
жағдайда электр желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Бұл электрлік тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін құрылғы және оның электрлік желілік
баусымы ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық
сәулесінің және де жауын-шашындардың түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни
құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек.
Электр желіге қосылып тұрған үтіктегіш құрылғыны қадағалаусыз қалдыруға болмайды! Егер Сіз
құрылғымен пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріп, оның электрмен қоректендіретін электр
желілік баусымын электр желісінен ажыратыңыз.
Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы
жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, кембағал, сезім
мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны қолдану үшін білімі мен тәжірибесі жоқ
не оны қолдана білмейтін немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары
бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Назар аударыңыз! Бұл тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік құрылғыны
ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды.
Электрлі тоқпен зақымданбау үшін ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік құрылғыны,
оның электр желілік баусымын, сондай-ақ электр желілік баусымның штепсельді ашасын суға
немесе өзге де сұйықтықтарға батырып салуға тыйым салынады. Ылғал қолыңызбен құрылғыны
ұстауға мүлдем болмайды. Құрылғы дымқылданса, оның электр желілік баусымның айыртетігін
бірден электрлік қоректену желісінен ажыратып алу қажет.
Бұл электрлік тік күйінде бумен жібітіп үтіктейтін құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оның
электр желілік баусымның айыртетігін бірден электрлік қоректену желісінен ажыратыңыз.
Сонымен, бұл кезде қолды суға малуға мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте пайдаланудың
алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.

Содержание

Бұл нұсқаулық тік күйінде бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік құрылғыны қауіпсіз пайдалану, сақтау және техникалық деректерімен танысуға арналған.

Скачать