Polaris PGS 2020VA Инструкция по эксплуатации онлайн [41/51] 537161

Polaris PGS 2020VA Инструкция по эксплуатации онлайн [41/51] 537161
40
3. Иық-ілгішті құрылғының телескоптық тіреуіне орнатыңыз, содан кейін субүріккішті оның
ұстағышына орнатыңыз:
- иық-ілгіштің ортасындағы субүріккіш шүмегінің ұстағышы киім үтіктеу тақтасы (матаның
өң жағымен) орналасқан жазықтықта болуы керек;
- суретте көрсетілгендей, иық-ілгішке киім үтіктеу тақтаны оның шертпек секілді сарт еткен
дыбыс естілмейінше, яғни ол толығымен бекітілгенше, оны қондырып орнатыңыз.
- киім үтіктеу тақтасының төменгі жағындағы екі жалғауыш түтікті телескоптық штангісінің
үстіңгі ұшымен туралаңыз, содан кейін тақтаны қондырып салыңыз да, оны төмен қарай
дәл астыңғы жағына дейін басып итеріңіз, содан соң тақтаны бүйір жақтағы бекіткішпен
бекітіңіз.
4. Ұстағышта «үтік» қондырмасын қажетті қалпында орнатып қойыңыз:
- құрылғыда киім үтіктеуге арналған тақтасын көлденең, тік және көлбеу күйінде 30° немесе
60° еңкею градус бұрышпен орнатып пайдалануға болады;
- киім үтіктеу тақтасының екі жағынан оның екі тұтқасын тартыңыз да, оларды
жылжытыңыз, киім үтіктеу тақтасын көлденең, тік немесе көлбеу күйінде орнатып
қоятындай етіп, өзіңізге қажетінше бұраңыз, содан кейін үтіктеу тақтаны құрылғыда
бекітіп, оны орнатылған күйінде ұстап қалатын тұтқаларын төмен түсіріңіз.

Содержание

Скачать