Polaris PGS 2090VA [38/51] Құрылғының жиынтықтылығы

Polaris PGS 2090VA [38/51] Құрылғының жиынтықтылығы
37
Бұл бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғыдан шығатын бу ағынын адамдарға,
жануарларға, бөлмедегі өсімдіктерге, сондай-ақ жиһазға, кітаптарға, электр құрылдарға, сондай-
ақ ыстық бу мен ылғал әсерінен зақымдалатын кез келген заттарға бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны бөлшектеу мен қызмет көрсету алдында, ол толығымен суығанша күту керек (бумен
жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғыны сөндіргеннен кейін ол толық суығанша кем дегенде
5 минут күте тұрыңыз), әйтпесе, ыстық сумен күйіп қалу қауіпі бар. Құрылғының алынбалы
құрылғылары мен жабдықтары құрғақ және салқын күйінде болуы керек.
Бұл аспап кермектігі төмен құбырлық суды пайдалану үшін әзірленген.
Егер Сіздің аймағыңызда құбырлық судың кермектігі айтарлықтай төмен болса, оны алдын ала
механикалық сүзгілеуден және тұндырғаннан кейін аспап құюға болады.
Алайда, Сізде су айтарлықтай кермекті болса, онда біз ½ құбырлық және ½ тазартылған
(минералсыздандырылған) судың қоспасын пайдалануды, немесе аспап тек қана жұмсартқыш
картриджі бар сүзгі арқылы сүзгіленген құбырлық суды пайдалануды ұсынамыз.
Назар аударыңыз!
Суға ешқандай басқа қоспаларды (мысалы крахмалды, парфюмерлік сұйықтықтарды) қоспаңыз.
Буландырғышта жойылмайтын қақтың немесе басқа түзілімдердің артық мөлшерінің пайда болуы
өндіруші кепілдігінің әрекет етуіне жатпайды.
Құрылғының пайдалану аясы
Бұл киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік тігінен ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін
үтіктегіш құрылғы осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес тек қана үйде,
тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш
құрылғыны өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
Өндіруші құрылғыны дұрыс қолданбау немесе бұл пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
қарастырылмаған қолдану нәтижесінде пайда болған зақым үшін немесе дұрыс пайдаланбаудың
нәтижесінде туындаған залал үшін жауапкершілік тартпайды.
Бұл киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік үтіктегіш құрылғы кез келген мата түрін,
киімдегі бүрмелерді үтіктеуге арналған. Құрылғыны белгілі бір матаның түріне немесе киімге
қолдануға күмәндансаңыз, киімнің ішкі жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда
затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылған, оның затбелгісіндегі жазба
белгілерді басшылыққа алыңыз. Егер киімдегі затбелгісінде бұндай ақпарат болмаса, бұйымның
материалы, яғни үтіктейтін матаның түрі белгісіз болса, сонымен бұйымның құрамын білмесеңіз,
онда матаның шеткі бөлігін теріс жағынан үтіктеп тексеріп көріңіз.
Жібек, вельвет және барқыт секілді маталарды жібітіп үтіктеу барысында үтіктегіш құрылғыны
үтіктейтін бұйымдан белгілі бір қашықтықта ұста
Құрылғының жиынтықтылығы

Содержание