Polaris PUH 3740 TF [20/27] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Polaris PUH 3740 TF [20/27] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
20
Құралдың жұмысы аяқталған соң желілік сымды құралды айналдыра орауға болмайды, себебі,
уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда құралды сақтау кезінде сымды
жақсылап тарқатып жазыңыз.
Желілік сымды тек білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана ауыстыра
алады. Біліктілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу жұмыстары қолданушыға қауіп-қатер
төндіруі мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету орталығының
білікті қызметкерлері ғана іске асыра алады.
Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер ғана пайдаланылады.
Назар аударыңыздар!
Кез келген ақау орын алған жағдайда уәкілетті сервис орталығына хабарласыңыз
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Бұл құрал тек үйде тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған.
Құралды алғашқы рет іске қосу алдында оны 30 минут бойы бөлме температурасында
қалдырыңыз.
Ылғалдағыш жұмысының жағымды шарттары: ылғалдатқышты бөлменің 5-40С
температурасында, және 80%-дан төмен ылғалдықта пайдаланыңыз.
Құралды тұрақсыз, тегіс емес бұдыр қабатқа қойып, қолдануға тиым салынады.
Құралдың жұмыс барысында бөлмедегі жиһаздарды және өзге заттарды бүлдіріп алмас үшін
ауа ылғалдағыш олардан біршама қашықтықта орнатылып тұруы тиіс.
Құралды тазарту алдында немесе сауытты өшкені) сумен толтыру кезінде құралды желіден
ажыратыңыз.
Құралға судың тиюіне жол бермеңіз.
Суға арналған сауыт бос болған жағдайда құралды өшіріңіз.
Сауытты тек таза (ең дұрысы дистильденген су немесе сүзілген) , 40С төмен температурадағы
суық сумен толтырыңыз, суға хош иісті қосқыш заттар мен май және т.б. заттарды қосуға тиым
салынады.
Күнделікті 12 сағат ішінде пайдаланған кезде ылғалдауышты аптасына 1 реттен кем
емес тазалау қажет «Күтім және қызмет көрсету» -тармағын қар.
Пайдалану саласы
Құрал тұрмыста қолдануға ғана арналған.
Бұл құралды өндірісте және сауда саттықта пайдалануға болмайды, сондай-ақ бөлмеден тыс
жерде қолдануға тыйым салынады.
Өндіруші құралды дұрыс пайдаланбау салдарынан немесе бұл нұсқаулықта қарастырылмаған
әрекеттерді орындау барысында туындаған ақаулар үшін жауапты емес.

Содержание