Polaris PPA 5068i [22/26] Құралды күту және қызмет көрсету

Polaris PPA 5068i [22/26] Құралды күту және қызмет көрсету
22
ЖЫЛДАМДЫҚ батырмасы: Ауа тазартқышты іске қосқан кезде, құрылғы орташа
жылдамдығында жұмыс істей бастайды. Ауа тазартқыш үш жұмыс жылдамдылығында жұмыс
істей алады. Бұл жылдамдық белгісі бар батырмасын қолдана отырып, оны қайта-қайта
біртіндеп басу арқылы құрылғының 3-тен біреу жұмыс жылдамдығын таңдаңыз.
Ең жоғары жұмыс жылдамдығы (көк түсті жарық индикаторы)
Орташа жұмыс жылдамдығы (жасыл түсті жарық индикаторы)
Ең төменгі жұмыс жылдамдығы (сары түсті жарық индикаторы)
9. Құралды күту және қызмет көрсету
Сүзгіштерді ауыстырмас бұрын және оларды тазартар алдында құралды электр желіден
ажыратыңыз.
Шығатын (шығыс) саңылауда шаң түзіліп қалса, құралды сөндіріп, құрғақ, жұмсақ
қылшақпен тазартыңыз.
Еріткіш заттарды немесе абразивтерді қолданбаңыз.
Әр пайдаланғаннан кейін құралды тазартып тұрыңыз.
Құралды құрғақ, салқын жерде сақтаңыз. Қолданбаған кезде құрлдың сөніп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Сүзгіштерді алмастыру
1. Сүзгілер тазалануға жатпайды. Құрылғыдағы сүзгілердің жиынтығын алмастыруға
қажетті екенін басқару панелінің айналасындағы көмескі жарық шығаратын
жарықтандыру шамы қызыл түспен жанып білдіреді. Сүзгілердің жиынтығын қолдану
мерзімі құрылғыны шамамен 3000 сағат бойы пайдалану.
2. Сүзгілердің қызмет ету мерзіміне құрылғының қосып ажыратқанын саны мен қоршаған
ортадағы ауаның ластаушы заттардың шоғырлануы әсер етеді.
3. Сүзгілердің жиынтығын алмастыру кезінде төмендегі нұсқауларды келісідей орындаңыз:
Ауа тазартқыштың электр желілік баусымның айырын электрлік желісінен ажыратыңыз.
Ауа тазартқышты төңкеріп, оның астыңғы жағын жоғары қарай қаратыңыз да, құрылғыдағы
төменгі қақпағын сағат тіліне қарсы бұрап, шешіп алыңыз.
Ұстағыштарды тарту арқылы құрылғыдан ескі сүзгілердің жиынтығын шығарып алыңыз.
Жаңа сүзгілердің жиынтығын құрылғыға орнатыңыз, ол үшін оның ұстағыштарын төменгі
қақпаққа қарай бағыттап ұстап, орнына салыңыз.
Құрылғыдағы төменгі қақпағын сағат тілінің бағытымен айналдыра бұрап жабыңыз.
Ауа тазартқыштың электр желілік баусымның айырын электрлік желісіне жалғастырып
қосыңыз. Құрылғының басқару панеліндегі жылдамдық белгісі бар батырмасын 3 рет
басыңыз да, содан кейін оны бір рет ұзағырақ (шамалы 2 секунд бойы) басып ұстап тұру
қажет. Басқару панелінің айналасындағы көмескі жарық шығаратын жарықтандыру шамы 5
секунд бойы кезек-кезек көк және қызыл түспен жылт-жылт етіп жанып, жыпылықтай
бастайды. Бұл сүзгілердің жиынтығы ойдағыдай ауыстырылғанын білдіреді.
Ауа тазартқышты іске қосу үшін, оның басқару панеліндегі іске қосу/сөндіру
батырмасын басыңыз. Басқару панелінің айналасындағы көмескі жарық шығаратын
жарықтандыру шамы көк түспен жанады, бұл құрылғының жұмысқа дайын екенін білдіреді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать