Polaris PHD 2355 TDI [23/25] Бұл құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері белгіленген емес

Polaris PHD 2355 TDI [23/25] Бұл құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері белгіленген емес
23
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн сәулесінен, сүйір
бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан құралды суға немесе басқа сұйықтыққа
батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз. Құрал суланған жағдайда оны бірден желіден
ажыратыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас бұрын, желідегі
қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құралдың техникалық сипаттамаларына сәйкес
болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құралды тазарту алдында және оның
қондырмаларын алмас немесе орнатпас бұрын, сондай-ақ, құрал сынып, істен шыққан жағдайда, оны
әрдайым желіден ажырату қажет.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның жылдамдылығын ауыстырып қосатын тетігі «ӨШІРІЛУ» күйінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралдың бүлінуі мен оқыс жағдайларға әкеп соғуы мүмкін желінің шамадан тыс жұмыс істеуіне жол
бермеңіз. Ол үшін қолданыстағы электрлік розеткаға ұзартқышты пайдалану арқылы өзге де құралдарды
қоспаңыз. Ұзартқышты пайдаланудың алдында оның зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап желіден
ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді ашадан ұстаңыз.
Электр тоғымен зақымдалмау үшін құралды іске қосу және сөндіру барысында желілік сым ашасының
металл бөліктеріне қол тигізбеңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін электр қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға болмайды, уақыт өте
келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Құралды сақтау барысында әрқашан сымды жақсылап
тарқатыңыз.
Сымды тек білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра алады. Біліктілігі
жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Техникалық мәселелердің туындамауы мен құралға берілетін кепілді сақтау үшін құралды өздігіңізден
жөңдемеңіз және бөлшектемеңіз. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету орталығының білікті маманы жүзеге
асыруы тиіс.
Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз! Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға өткізіңіз. Бұл әрекетіңізбен Сіз қоршаған ортаны
қорғауға септігіңізді тигізесіз.
12. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қуаттылығы: 2000-2400 Вт.
Кернеуі: 220-240 В.
Жиілігі: ~50 Гц.
Қорғаныс жіктелімі: II.
PHD 2355 TDi “Polaris” сауда белгісінің тұрмыстық электрлі фен
Ti- турмалиновая ионизация
D насадка - диффузор
Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен бұйымның
арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының бұған назар аударатынына
үлкен үміт артады.
13. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Құралдың құрылымы «Төмен вольтты құрылғы қауіпсіздігі жөнінде» ТР ТС 004/2011, сондай-ақ
«Техникалық құралдардың электрлі-магнитті сәйкестігі» ТР ТС 020/2011 талаптарына жауап береді.
Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл
Кепілдік мерзімі: сатып алғаннан бастап 2 жыл
Құралдың өндіріліп шығарылған айы мен жылы туралы ақпарат құралдың сыртында көрсетілген
Бұл құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері белгіленген емес.

Содержание

Скачать