Scarlett SC-033 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/18] 63731

IM010
www.scarlett.ru SC-033
16
Құрылғы құрғақ тегіс бетте тұрақты тұруы тиіс. Шəйнекті ыстық үстілерге, сонымен қатар жылу көздеріне
жақын маңда (мысалы, электр пештеріне), перделердің жəне аспалы сөрелердің астында қоймаңыз.
Қосылған құралды ешуақытта қараусыз қалдырмаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уəкілеттік
берген
сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Ересек адамдрадың бақылауынсыз балаларға пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Ыстық үстілерге ұстамаңыз.
Электр тоғының ұруына тап болмау жəне құралдың бұзбау үшін тек қана бересі жинаққа кіретін керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Тек сауыт орнына қойылғаннан кейін ғана
кофе қайнатқышты іске қосыңыз.
Кофенің əрбір жаңа порциясын дайындардан бұрын кофе қайнатқышты суыту үшін кем дегенде 5 минут
үзіліс жасаңыз.
Қофе қайнатуға тек қана салқын суды қолданыңыз.
Термошыдамды шыны колбаны басқа мақсаттарда қолданбаңыз жəне оны газды жəне электрлік
плиталарға жəне микротолқынды пештерге қоймаңыз.
Колбаны ыдыс-
аяқ жуатын мəшіңде жумаңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі əсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Кофені
алғаш рет дайыныдар алдында сүзгіге кофе салмастан, су құйып, 2-3 рет жұмыс циклын өткізіңіз.
Бұл үшін суды шараға құйыңыз да, қосқыш тетікті «I» қалпына орнатыңыз.
Резервуарда су қалмаған соң, ажыратқышты «0» күйге орнатып кофе қайнатқышты өшіріңіз.
ЖҰМЫС
КОФЕ ДАЯРЛАУ
Сүзгіге арналған ұстатқышты ашыңыз. Бұл үшін су құятын шараның ішіндегі ұстатқыштың
бекіткішін
басыңыз да, ұстатқышты сағат тілінің бағытымен бұрыңыз.
Сүзгіні шығарып алыңыз. Сүзгіге тартылған кофенің қажетті мөлшерін салыңыз да, үстінен тығыздамастан,
тегістеп таратыңыз.
Сүзгіні ұстатқышқа орнатыңыз.
Ұстатқышты бекіткішпен бекітіп, орнына салыңыз.
Су құятын шараға керекті белгіге жеткенше, бірақ «MAX» белгісінен асырмай, жəне «3» белгісінен
төмендетпей су құйыңыз.
Резервуар қақпағын
нықтап жабыңыз.
Колбаны кофені жылыту үшін плиткаға қойыңыз.
Переведите выключатель в положение «I», при этом загорится световой индикатор, и кофеварка начнет
работать.
Кофе ұзақ ыстық болып қалуы үшін, кофе қайнатқышты өшірмей колбаны жылытуға арналған плиткада
ұстаңыз:
30 минут ішінде кофе 75º C суынады;
1 сағаттан соң – 70º C-қа .
ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ КҮТІМ
Тазалаудың алдында құралды электр жүйесінен əрқашан сөндіріп тастаңыз.
Кофе қайнатқышқа толық суынуына мұрша беріңіз де құрғақ жұмсақ матамен сыртын сүртіңіз. Агрессивті
химиялық не қайрақты заттарды қолданбаңыз.
Барлық алмалы-салмалы бөліктерді оларды орнына қояр алдында сабынды ыстық сумен жуыңыз жəне
құрғақ етіп сүртіңіз.
ҚАСПАҚТЫ АРЫЛТУ
Кофе қайнатқышын қаспақтан ұдайы тазалап тұрыңыз.
Қаспақтан арылту үшін сауда жүйесінде сатып алуға болатын ұсынылған құралдарды қолданыңыз жəне
олардың орамасындағы нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
Кофе қайнатқышты мұқият жуыңыз. Ол үшін резервуарға таза су құйыңыз да кофені сеппей, құралды
қосыңыз. Циклді тағы
бір қайталаңыз.
САҚТАУ
Сақтаудың алдында құралдың электр жүйесінен сөндірілгеніне жəне толық суығанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ бөлімінің талабын орындаңыз.
Құралды құрғақ салқын орында сақтаңыз.

Похожие устройства