LG PA6520 [26/64] Қазақша

LG PA6520 [26/64] Қазақша
6
ҚҰРАСТЫРУ ЖƏНЕ ДАЙЫНДАУ
1 Антеннаның оқшаулағышын орнату нұсқаулығы
Бұл нұсқаулықты қуаттың жерге қосылуы мен антенна сигналының жерге қосылуы арасындағы кернеу
айырмашылығы болғанда теледидарды орнату үшін пайдаланыңыз.
-Егер қуаттың жерге қосылуы мен антенна сигналының жерге қосылуы арасындағы кернеу
айырмашылығы болса, антенна түйіспесі қызып кетіп, нəтижесінде келеңсіз оқиға орын алуы мүмкін.
ТД қарап отырғанда қауіпсіздікті арттыру үшін, ТД антеннасынан қуат кернеуін тиімді түрде
шығаруға болады. Орнатқаннан кейін антенна оқшаулағышын ажыратпаңыз.
Байланыс əдісі:
- 1-штепсельді сигнал кабеліне жалғаңыз.
- 2-штепсельді ТД артындағы ANT кіріс ұясына жалғаңыз.
«Ғимарат құрылысындағы қорғау жер қосылысына розетка арқылы немесе қорғау жер қосылысына
жалғанатын басқа жабдық арқылы жалғанған, сондай-ақ, коаксиалды кабельді қолданатын кабельді
тарату жүйесіне жалғанған жабдық кейбір жағдайларда өрт шығаруы мүмкін.
Кабельді тарату жүйесімен орнатылған байланыс белгілі бір жиілік диапазонынан (гальваникалық
оқшаулағыш, EN 60728-11 стандартын қараңыз) төмен электр оқшаулауын қамтамасыз ететін құрылғы
арқылы болуы керек»
РЖ оқшаулағышын қолданғанда, сəл сигнал сезімталдығының жоғалуы орын алуы мүмкін.
Оқшаулағыш
1-штепсель 2-штепсель
1-штепсель
2-штепсель
Антенна оқшаулағыштың сырты:
ANTENNA
IN
РЖ-коаксиалды сым Оқшаулағыш
ANTENNA
IN
ANTENNA
IN
РЖ-коаксиалды сым Оқшаулағыш
Теледидар
қондырғысы
ANTENNA/
CABLE IN
ANTENNA/
CABLE IN
Қазақша

Содержание

Скачать