Ariston FHS 21 [19/20] Сақтандырулар мен кеңестер
![Ariston FHS 21 [19/20] Сақтандырулар мен кеңестер](/views2/1071370/page19/bg13.png)
19
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай өңделіп шығарылған.
Төмендегі
ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында
берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны қолданған уақытта пештің бүйіріндегі
тұтқаларды пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал
немесе дымқыл болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
• Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтері және пеш есігінің белгілі
бөліктері қатты қызады. Бұларға тимеу және
балалардан аулақ ұстау керек.
• Басқа электр құрылғыларына арналған электр кабелі
пештің ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
• Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
• Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан
ұстаңыз: шеттері ыстық болуы мүмкін.
• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
• Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
• Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. Егер
байқаусызда құрылғы қосылатын болса, бұл
заттың жануы мүмкін.
• Құрылғыны қолданбаған кезде тұтқалардың
«l»/«¡» күйінде тұрғанын тексеріңіз.
• Құрылғыны өшіргенде штепсельдік ұшты желі
розеткасынан әрдайым ажыратыңыз, кабельден
тартып суырмаңыз.
• Штепсель айырын электр желісінен ажыратпастан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
ешқашан жасамаңыз.
• Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз
болып қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
• Орау материалдарын қайта пайдалану
мақсатымен тастаған кезде жергілікті қоршаған
орта стандарттарын қадағалаңыз. Ескі құрылғыны
тастағанда қолданылатын заң ережелерін
қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты сортталмаған қалалық қалдық ағымымен
бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
ескі құрылғылар қайта пайдалануды және қайта
өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Өнімдегі сызылған «доңғалақты қоқыс
жәшік» сізге құрылғыны тастаған уақытта бөлек
жиналуы туралы есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат
алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне
немесе сатушыларына хабарласулары керек.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
• Құрылғыны таңертең ерте немесе түстен кейін
кешірек пайдалану арқылы электр қуатын
қамтамасыз етуші компаниялардың жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз.
• Жақсы нәтиже алу үшін және энергияны үнемдеу
үшін (шамамен 10%). GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN
(ГРАТИН) режимдерін пайдаланғанда пештің есігін
жабық ұстаңыз.
• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
Көмек
Байланыс ақпараты:
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
This information is found on the data plate located on
the appliance and/or on the packaging.
Содержание
- Fh 21 ha fh 21 ix ha fhs 21 ix ha fhs 210 ix ha fh 23 c ha fh 23 c ix ha 11
- Жөндеу және күтім 20 11
- Мазмұны 11
- Орнату 12 13 11
- Пайдалану нұсқаулығы 11
- Пеш 11
- Сақтандырулар мен кеңестер 19 11
- Тағам дайындау режимдері 16 17 11
- Электрондық тағам дайындау бағдарламасы 18 11
- Қосу және пайдалану 15 11
- Құрылғы сипаттамасы 14 11
- Орналастыру 12
- Орнату 12
- Электр қосылымдары 13
- Басқару тақтасы 14
- Жалпы шолу 14
- Құрылғы сипаттамасы 14
- Пешті қосу 15
- Таймерді пайдалану әдісі 15
- Қосу және пайдалану 15
- Тағам дайындау бойынша кеңес 16
- Тағам дайындау режимдері 16
- Тағам дайындау бойынша кеңес кестесі 17
- Пісіруді бағдарламалау 18
- Сағатты орнату 18
- Таймерді орнату 18
- Электрондық тағам дайындау бағдарламасы 18
- Жалпы қауіпсіздік 19
- Жою 19
- Көмек 19
- Сақтандырулар мен кеңестер 19
- Қоршаған ортаны сақтау және қорғау 19
- Жөндеу және күтім 20
- Пеш есігін тазалау 20
- Шамды ауыстыру 20
- Құрылғыны тазалау 20
- Құрылғыны өшіру 20
Похожие устройства
- Planet ICA-HM350 Инструкция по эксплуатации
- Texet ТМ-7027W 4Gb Инструкция по эксплуатации
- Planet ICA-M220 Инструкция по эксплуатации
- Ariston STYLE 7OFH 1039 P IX Инструкция по эксплуатации
- Planet ICA-M220W Инструкция по эксплуатации
- Archos G9 101+ 3G stick Инструкция по эксплуатации
- Ariston STYLE 7OFH G IX Инструкция по эксплуатации
- Planet ICA-108 Инструкция по эксплуатации
- Acer A510 HT.H9LEE.004 Инструкция по эксплуатации
- Ariston STYLE 7OFH 837C Инструкция по эксплуатации
- Planet ICA-108W Инструкция по эксплуатации
- Asus TF300T-1K132A 32Gb Blue Инструкция по эксплуатации
- Ariston STYLE FH 51 Инструкция по эксплуатации
- Planet ICA-110W Инструкция по эксплуатации
- Asus TF300T-1K041A 16Gb Blue Инструкция по эксплуатации
- Ariston EXPERIENCE GLASS FQ 1037 C.1 Инструкция по эксплуатации
- Planet ICA-120 Инструкция по эксплуатации
- Samsung GT-P5100 16Gb Silver Инструкция по эксплуатации
- Ariston 7OFKQ 1038EC Инструкция по эксплуатации
- Planet ICA-550W Инструкция по эксплуатации