Electrolux EKG951109X [15/72] Грильді қолдану

Electrolux EKG951109X [15/72] Грильді қолдану
8.6 Грильді қолдану
Гриль температурасын
өзгерту мүмкін емес.
Төменірек температураға
немесе баяу пісіру
уақытына қою үшін гриль
табасын жалыннан
алыстатып төмен түсіріңіз.
Грильді қолдану алдында гриль
дефлекторын A есіктің үстіңгі
жағындағы орынға салыңыз. Екі
бекітпенің тұмшапеш корпусының
(басқару панелінің астыңғы жағы)
алдыңғы жақтауының үстіңгі
жағындағы тесіктерге дұрыс кірігіп
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
A
Етті науаға немесе табақ
үстіне тура қоймаңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Етті сөренің ең үстіңгі
қатарына қоймаңыз. Өрт
шығу қаупі бар.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тетікті барынша шегіне
дейін бұраңыз. Сөндіру
мен Гриль қалыптарының
ортасына қалдырмауға
тырысыңыз. Осы аралық
қалыптарға қойған кезде
тұтату тетігі іске қосылып
тұрады.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Газ пешінің басқару тетігін гриль
қалпына қойыңыз. Тетікті
басып, шамамен 15 секунд басқан
қалпы ұстап тұрыңыз. Оны жалын
пайда болғанша босатпаңыз.
Егер гриль жанбаса
немесе кенет сөніп
қалса, тұмшапешті
басқару тетігін
босатыңыз да, Сөндіру
қалпына бұраңыз.
Тұмшапештің есігін
ашыңыз. Бір минуттан
кейін, грильді қайта
тұтатып көріңіз.
3. Грильді алдын ала 5-10 минут
қыздырыңыз.
4. Ет қойылған тұмшапеш сөресін 3-
ші сөре деңгейіне қойыңыз.
5. Тағамның май-сөлін жинау үшін
пісіру науасын немесе қуырма
табақты 2-ші деңгейге қойыңыз.
6. Тұмшапештің есігін шала ашып
қойыңыз.
Егер уақытша тоқ сөніп қалса,
тұмшапештің есігін ашып, гриль
дефлекторын салып, жалынды гриль
оттығының тесіктеріне жақын ұстап,
тұмшапешті басқару тетігін Гриль
қалпына бұраңыз.
8.7 Гриль оттығын сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті сөндіру
қалпына бұраңыз.
ҚАЗАҚ 15

Содержание

Скачать