Zanussi ZWY61204WA [16/40] Ықтимал ақаулықтар

Zanussi ZWY61204WA [16/40] Ықтимал ақаулықтар
Ықтимал ақаулықтар
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының қақпағы мен барабан есіктерінің дұрыс
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
ажыратыңыз.
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанын көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер су төгу циклы жоқ бағдарламаны орнатсаңыз, су төгу
режимін орнатыңыз.
Егер цикл соңында барабанда су қалатын функцияны
орнатсаңыз, су төгу режимін орнатыңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген шешімдер көмектеспесе, Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (су төгетін
сорғының сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін).
Айналдыру циклы жұмыс
істемейді немесе жуу
циклы әдеттегіден ұзаққа
созылады.
Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе теңгерімге
байланысты болуы мүмкін.
Айналдыру циклын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын циклды орнатсаңыз,
су төгу циклын орнатыңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген шешімдер көмектеспесе, Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (су төгетін
сорғының сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін).
Еденге су аққан.
Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне және су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын және төгетін түтіктерге ешбір зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына көз
жеткізіңіз.
16

Содержание

Скачать