Electrolux EKC954508X [15/76] Сағат функцияларын біржола тоқтату

Electrolux EKC954508X [15/76] Сағат функцияларын біржола тоқтату
9.5 Сағат функцияларын
біржола тоқтату
1. түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2. түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан
кейін сөнеді.
10. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштардың
арасына салыңыз. Қос шетін
тұмшапештің артқы жағына жіберіп,
жоғары қаратып қою керек.
Науа:
Пісірме табақты корпустың
артқы қабырғасына
тигенше итермеңіз. Себебі
бұлай істегенде табақтың
айналасына қызу келуге
кедергі жасайды.
Тағамның әсіресе
табақтың артқы жағындағы
бөлігі күйіп қалуы мүмкін.
Науаны немесе шұңғыл табаны сөре
сырғытпасының бағыттағыштарының
арасына салыңыз. Тұмшапештің артқы
қабырғасына тимей тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны бірге
қолдану:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағышының және торкөз сөренің
бағыттағыштарының арасына салып
жылжытыңыз.
10.2 Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді барынша оңай алып-салуға
болады.
Сырғытпа жолдарды 4-ші
деңгейден басқа
деңгейлердің барлығына
орнатуға болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпа
жолдарды майламаңыз.
ҚАЗАҚ 15

Содержание

Скачать