Zanussi ZBB928465S [7/40] Жібіту

Zanussi ZBB928465S [7/40] Жібіту
Мысалы, электр қуаты өшіп қалып
құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп
кетсе және электр қуаты,
техникалық деректер кестесінің
"Температураның жоғарылау
уақыты" бөлімінде көрсетілген
шамадан да ұзақ уақыт жоқ болса,
тағамды дереу тауысу не пісіріп
барып қайта тоңазыту керек
(салқындатқан соң).
ЖІБІТУ
Қатты мұздатылған немесе мұздатылған
тағамды пайдалану алдында уақыттың
мүмкіншілігіне қарай, мұздатқыш бөлікке
салып немесе бөлме температурасында жібіту
керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан алған
бетте тура пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру ұзаққа созылады.
МҰЗ ТЕКШЕЛЕРІН ЖАСАУ
Бұл құрылғы мұз текшелерін жасауға арналған
бір немесе бірнеше науамен жабдықталған.
Науаларды мұздатқыштан алу
үшін темір инструментті
қолданбаңыз.
1. Осы науаларды суға толтырыңыз
2. Мұз науаларын мұздатқыш бөлікке
қойыңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ШУЫЛЫ
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі дыбыстардың
естілуі қалыпты жағдай:
Салқындатқыш сұйық жіберілген кезде
көпіршіктенген және сылдырлаған дыбыс
шығуы мүмкін.
Салқындатқыш сұйық жіберілген кезде
компрессордан діріл және сылдырдың
дыбысы естіледі.
Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті емес
физикалық құбылыс) байланысты
құрылғының ішінде кенет пайда болатын
сырт-сырт еткен дыбыс.
Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны реттегіштен
әлсіз дыбыс естілуі мүмкін.
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
Егер аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз
немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз.
ЖАҢА ТАҒАМДЫ ТОҢАЗЫТУҒА ҚАТЫСТЫ
АҚЫЛ-КЕҢЕС
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
жылы тағамды немесе буы бұрқырап
тұрған сұйықтарды тоңазытқышқа
қоймаңыз
әсіресе иісі күшті шығатын тағамдардың
бетін жабыңыз немесе орап қойыңыз
тағамдарды ауа еркін айнала алатын етіп
орналастырыңыз
ТОҢАЗЫТУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Пайдалы кеңес:
Ет (барлық түрі) : жарамды орауышқа орып,
көкөніс тартпасының үстіңгі жағындағы
шыны сөреге қойыңыз. Етті ең көбі 1-2 күн
сақтаңыз.
Піскен тағамдар, салқын тағамдар: бетін
жауып, кез келген сөреге қойыңыз.
Жемістер мен көкөністер: мұқият тазалап,
арнайы тартпаға салыңыз. Банан, картоп,
пияз және сарымсақ оралмаған болса,
тоңазытқышта сақтамау керек.
Сары май және ірімшік: ауа өткізбейтін
арнайы сауытқа салу немесе ауаны
мүмкіндігінше кіргізбеу үшін алюминий
таспаға орау не полиэтилен қалтаға салу
керек.
Шөлмектер: қақпақ жауып, есіктің шөлмек
сөресіне немесе шөлмек сөресіне (бар
болса) сақтау керек.
МҰЗДАТУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ КЕҢЕС
Мұздату үрдісін барынша жақсы жүзеге асыру
үшін мына маңызды кеңестерді ұсынамыз:
24 сағатта мұздатуға болатын тағамның ең
көп мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген;
мұздату үдерісіне 24 сағат қажет, осы кезде
ешбір қосымша тағамды мұздату үшін
салуға болмайды;
жоғары сапалы, жаңа және әбден
тазаланған тағамдарды ғана мұздатыңыз;
тағамды жылдам және әбден мұздату үшін,
сондай-ақ кейін тағамды қажетті мөлшерде
7

Содержание

Похожие устройства

Скачать