Electrolux PerfectCare 800 EW8HR359S [6/80] Электртоғына қосу

Electrolux PerfectCare 800 EW8HR359S [6/80] Электртоғына қосу
Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде
әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
Кір кептіргіште кептіруге болатын
құрғақ маталарды ғана кептіріңіз.
Матаның затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептірер алдында қосымша шаю
циклын орындаңыз.
Конденсат/тазартылған суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
Құрылғының ашық тұрған есігінің
үстіне отыруға немесе үстіне
шығып тұруға болмайды.
Суы тамшылап тұрған киімдерді кір
кептіргіш машинада кептірмеңіз.
2.4 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
Шамнан көзге көрінетін сәуле
шығады, сәулеге тура қарамаңыз.
LED шамы барабанды
жарықтандыру үшін қажет. Бұл
шамды басқа жарықтандыру
мақсаттары үшін қайта пайдалануға
болмайды.
Ішкі жарықтама шамын ауыстыру
үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
www.electrolux.com6

Содержание

Похожие устройства

Скачать