Philips Sonicare HX8424/30 Инструкция по эксплуатации онлайн [222/236] 558711

Philips Sonicare HX8424/30 Инструкция по эксплуатации онлайн [222/236] 558711
6 Philips Sonicare (сурет 7) құрылғысын қосу үшін қосу/өшіру
түймесін басыңыз.
7 Тіс пен қызыл иекте орналасқан қылшықтарды ұстаңыз.
Қылшықтар тіс (сурет 8) арасына жетуі үшін әрі-бері ақырын
қозғалтып тісті жуыңыз.
Ескерту: Қылшықтар жарқырауы қажет. Қатты қырмаңыз.
8 Алдыңғы тістердің ішкі беттерін тазалау үшін щетка сабын
жартылай тік ұстап, әр тісті (сурет 9) бірнеше рет қабаттастыра
жүргізіңіз.
9 Ауыз қуысын толық тазалау үшін, ауызды Quadpacer мүмкіндігін
(сурет 10) пайдаланып 4 бөлікке бөліңіз. Quadpacer мүмкіндігі 30
секундтан кейін дыбыс шығарады.
10 Quadpacer (сурет 11) мүмкіндігінен кейін толық 2 минут щеткамен
тазалаңыз. 2 минуттан кейін тіс щеткасы автоматты түрде өшеді.
Ағарту режимінде алдыңғы тістеріңізді жарқыратып жылтырату
үшін, сап 2 минуттан кейін 30 секунд щеткамен тазалауды
жалғастырады.
Қызыл иек күтімі режимінде қызыл иектеріңізді ептеп
стимуляциялау мен массаж жасау үшін, сап 2 минуттан кейін
қосымша бір минут щеткамен тазалауды жалғастырады.
- Щеткамен тазалау циклін аяқтағаннан кейін, қалған уақытты
тістердің шайнау беттерін және дақтар пайда болатын аймақтарды
щеткамен тазалауға жұмсауға болады. (сурет 12)
Philips Sonicare тіс щеткасын қауіпсіз пайдалануға болады:
- Тіс түзегіш пластиналар (тіс түзегіш пластиналарға қолданғанда
щетка бастары тезірек тозады)
- Тіс қалпына келтіргіштері (пломбалар, коронкалар, венирлер)
Ескертпе: Philips Sonicare тіс щеткасы клиникалық зерттеулерде
пайдаланылған кезде, ол EasyStart мүмкіндігі өшірулі, жоғары
қарқындылықпен Тазалау режимінде (тісжегі мен қызыл иекке
қатысты шағымдар) және Ағарту режимінде (ағарту шағымдары)
пайдаланылуы керек.
222
Қазақша

Содержание

Похожие устройства

Скачать