Electrolux PerfectCare 600 EW6T4R062 — ақаулықтарды түзету бойынша нұсқаулық және ескертулер [29/72]

Превью страниц Страница 29 / 72
Electrolux PerfectCare 600 EW6T4R062 [29/72] Кіріспе
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
13.1 Кіріспе
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс істеп тұрған кезде тоқтап
қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Ақаулық жойылмаса,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кез келген тексеру жұмыстары алдында құрылғыны сөндіріңіз.
Елеулі ақау пайда болғанда, дыбыстық сигналдар естіледі және дисплейде
ескерту коды көрініп, Старт/Пауза түймесі үздіксіз жыпылықтауы
мүмкін:
- Электр желісі тұрақты емес. Электр желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
"Жабдықтау желісінде мәселе бар" тарауын қараңыз.
- Құрылғының электронды элементтерінің арасында байланыс жоқ.
Сөндіріңіз де, қайта қосыңыз. Бағдарлама дұрыс аяқталмаған не құрылғы
уақытынан бұрын тоқтаған. Ескерту коды қайта пайда болса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Тасқынға қарсы құрал қосулы. Құрылғыны ажыратыңыз да, судың
шүмегін жабыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр. Дұрыс тексеріп болғаннан кейін
Старт/Пауза түймесін басып құрылғыны қайта іске қосыңыз, құрылғы
циклды жалғастыру әрекетін орындайды. Қате жойылмаса, ескерту коды қайта
пайда болады.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының қақпағы ашық немесе дұрыс жабылмаған. Қақпақты
тексеріңіз!
ҚАЗАҚ 29

Содержание

175

Құрылғының ақаулықтарын түзету үшін қажетті ақпарат. Қауіпсіздік шаралары мен ақауларды жою жолдары туралы толық нұсқаулық.