Galaxy GL 0202 [12/16] Және шәйнектің қойғышта сенімді тұрғандығын тексеріп алыңыз қайнау

Galaxy GL 0202 [12/16] Және шәйнектің қойғышта сенімді тұрғандығын тексеріп алыңыз қайнау
KAZ
12
12
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
15. Құралды желіге қосудың алдында ажыратқыш батырмасының «ажыр.»
(0) күйінде тұрғандығына көз жеткізіңіз.
16. Құралдың ыстық бетімен, сумен және бумен жанаспаңыз.
17. Құралды қосудың алдында шәйнек қақпағының тығыз жабылғандығына
және шәйнектің қойғышта сенімді тұрғандығын тексеріп алыңыз. Қайнау
кезінде шәйнектің қақпағын ашпаңыз.
18. Егер қойғышта су болса немесе корпустан судың ағуы орын алса
шәйнекті желіге қосуға тыйым салынады.
19. Бос электр құралын қоспаңыз.
20. Электр құралының автоматты ажыратылу жүйесінің қате жұмыс жаса-
уын болдырмау үшін суды тек қақпағы жабық кезде ғана қайнату керек.
21. Еш жағдайда суды максималды су деңгейі белгісінен асырып құмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек сұйықтықтарды қайнату мен ысытуға
ғана арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулық барлық
мүмкін болатын оқыс жағдайларды қарастыра алмайды. Қолданушыға
электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы шараларын
өздігінен сақтауы керек болады!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік не-
месе есірткілік масайған күйде немесе шындықты объективті қабылдауға
кедергі жасайтын басқа да шарттарда қолданбау керек, және құралды
осындай жағдайлардағы және шарттардағы адамдарға сеніп тапсырмау ке-
рек болады! Қолданушы электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік
техникасы шараларын өздігінен сақтауға тиісті болады!
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Құралда көрсетілген қуат беру желісі параметрлерінің сәйкестілігін тексере
отырып, және ажыратқыштың «0» (сөндірілді) күйінде тұрғандығына көз
жеткізіп алып, қуат беру баусымының істікшесін желіге қосыңыз, және
тіреуішті тегіс орнықты бетке орнатыңыз. Шәйнекті таза сумен толтырыңыз
және шәйнектің қақпағын ол берік бекітілгендей етіп жабыңыз.
Электр құралын тіреуішке орнатыңыз және ажыратқышты «І» (қосу) күйіне
ауыстырыңыз. Су қайнаған кезде, шәйнек автоматты түрде сөнеді. Осыдан
кейін суды шәйнектен тостағанға немесе басқа ыдысқа құюға болады. На-
зар аударыңыз, суды тостағанға қақпақты ашпай-ақ шүмегінен құю керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек суды қайнатуға арналған. Құрылғы тек
тұрмыстық қолдануға ғана арналған.

Содержание

Скачать