Galaxy GL 0554 [11/18] Касы сіздің үйіңізде жайлылық атмосферасы мен қолайлылықты орнату

Galaxy GL 0554 [11/18] Касы сіздің үйіңізде жайлылық атмосферасы мен қолайлылықты орнату
KAZ
11
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Біз Сізге артқан сеніміңіз үшін алғысымызды айтамыз және Сіздің сатып
алған техникаңызға көңіліңіз толатындығына сенімдіміз. GALAXY техни-
касы Сіздің үйіңізде жайлылық атмосферасы мен қолайлылықты орнату
үшін жасалған.
Құралды қолдану алдында біз Сізге аталған пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың барлық тармақтарымен мұқият танысып шығуды ұсынамыз.
Құралды сатып алу кезінде оның жұмысқа қабілеттілігіне, механикалық
бүлінулердің жоқтығына көз жеткізу, сонымен қатар, сатушы ұйым
мөртабанының бар екендігін, сатылған күнін және сатушының қолтаңбасын,
құралдың корпусындағы сериялық нөмірге дәл сәйкес келетін үлгінің нөмірі
мен сериялық нөмірін және жиынтығын тексеру қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі
шарттарды сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:
1. Электр құралы тек ауыз суды қайнатуға ғана қолданылуы керек.
2. Электр құралын суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
3. Құралды қуат беруші желіге қосудың алдында желі параметрлерінің
220-240 В ~ 50 Гц мәндеріне сәйкес екендіктеріне көз жеткізіп алу қажет.
4. Істікшені резеткіден шығару кезінде баусымнан тартпаңыз.
5. Электр құралының құлап қалуын болдырмау үшін баусымды үстелдің
жиегінен немесе жұмыс беттерінен салбыраған күйде қалдырмаңыз.
6. Шәйнекті және оның қойғышын электр плитасы секілді ыстық бет-
ке қоймаңыз және оны ашық оттың, оңай тұтанатын сұйықтықтар мен
газдардың маңында қолданбаңыз.
7. Электр құралы егер тіпті желіден ажыратулы болса да балалардың
құралмен жанасуларына жол бермеу керек.
8. Жұмыс істеп тұрған шәйнектің ешқашан орнын ауыстырмаңыз.
9. Қате жұмыстың кез келген белгілері кезінде шәйнекті резеткіден тез
арада ажыратыңыз.
10. Электр құралын жоғарғы ылғалдылық және төмен температуралардың
әсер ету шарттарында қолданбаңыз және сақтамаңыз.
11. Электр құралын тазалаудың немесе қолданудағы ұзақ мерзімге со-
зылатын үзілістің алдында желіден ажыратыңыз.
12. Құралмен жұмыс істеу, сақтау және күтім жасау осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
13. Баусымның және құралдың бүтіндігін қадағалау қажет. Құралды
бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
14. Құралды желіге қосудың алдында ажыратқыш батырмасының «ажыр.»
(0) күйінде тұрғандығына көз жеткізіп алыңыз.
15. Ішінде ыстық суы бар шәйнектің орнын ауыстыру кезінде электр
құралын тұтқасынан берік ұстаңыз.
16. Жұмыс істеп тұрған электр құралының жанында балалардың және
жануарлардың болуларына жол бермеңіз.
17. Қуат беру баусымы бүлінген кезде қауіп-қатерлерді болдырмау үшін

Содержание

Скачать