Dimchae DT42BRRMT Инструкция по эксплуатации онлайн [103/132] 559971

Dimchae DT42BRRMT Инструкция по эксплуатации онлайн [103/132] 559971
37
(Қатыру) режимі қойылған бөлімде көкөністерді,
жемстерді немесе кимчиді сақтамаңыз.
Көкөністер, жемістер, кимчи төмен температурадан қатып қалуы мүмкін.
Кимчи салуға арналған контейнерді лық толтырмаңыз.
Шамамен алғанда 70%-80%-ға толтырыңыз.
Дайын болған кезде кимчи үлкейеді, сондықтан кимчи
шырыны төгілуі мүмкін.
Етті, балықты, көкөністерді және жемістерді арнайы
контейнерде немесе полиэтилен пакетте сақтаңыз,
себебі олар су тиген кезде оңай бұзылуы мүмкін.
Гигиенаны сақтай отырып, құрғақтықты болдырмауға
және азықүлікті сақтауға болады.
Ет пен балықты ұзақ сақтау қажет болған кезде, мұздату режимінің
параметрлерін пайдаланыңыз.
Тоңазытқышқа салар алдында ыстық тамақтың
суығанын күтіңіз.
Ыстық тамақ бөлімше ішіндегі, қасындағы тағам
өнімдерінің температурасына әсер етіп, оларды бұзуы
мүмкін.
Қатырылған тағам өнімдеріне қатысты ұсынымдар
Қатырғыш бөлімде тым көп тағам өнімдерін сақтамаңыз.
Қатырылған тағам өнімдерін сақтаған кезде оларды алдымен полиэтилен
үлдірге немесе алюминий фольгаға ораңыз.
Еріткеннен кейін етті немесе балықты қатырмаңыз, себебі олар қатаяды
және бұзылу ықтималдығы жоғарылайды.
Электр тогы өшірілген кезде не істеу қажет
Электр тогы өшіріліп, тоңазытқыш қайта қосылғаннан кейін соңғы
қойылған режимде жұмыс істейді (басқару панелі арқылы өзгеріс
енгізілмеген болса).
Электр тогы өшірілген уақытта тоңазытқыш есігін ашпаңыз. Есік жабық
тұрған кезде тоңазытқыш 2 сағат ішінде суықты қамтамасыз етеді.
Азық-түлікті сақтау

Содержание

Скачать