Samsung RB41R7847SR [110/228] Тоңазытқыш параметрлерін орнату

Samsung RB41R7847SR [110/228] Тоңазытқыш параметрлерін орнату
Қазақ34
Тоңазытқыш параметрлерін орнату
Тоңазытқыш параметрлерін орнату
1. Тоңазытқышты қабырға мен тоңазытқыш
арасында жеткілікті орын қалатын жерге
орнатыңыз. Осы нұсқаулықтағы орнату
бойынша нұсқауларды қараңыз.
2. Тоңазытқышты пайдалану алдында сөре
бұрышының қорғағыштарын төмендегі
суретте көрсетілген тәрізді алыңыз.
асымалдау барысында тоңазытқыштың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін РЕ-көбігі
пайдаланылған).
3. Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін,
есіктерді ашқан кезде ішкі шамның
жанатынын тексеріңіз.
4. Температураны басқару тетігін ең суық
температураға қойып, бір сағат күтіңіз.
Мұздатқыш шамалы салқындап, қозғалтқыш
біркелкі жұмыс істеуге тиіс.
5. Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін қажетті
температураға жеткенше бірнеше сағат
кетеді.
6. Тоңазытқышта жеткілікті суық температура
қалыптасқаннан кейін, оған тағамдарды және
сусындарды салып сақтауыңызға болады.
ЕСКЕРТПЕ
Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін дыбыстық
сигнал естіледі. Freezer (Мұздатқыш) немесе
Fridge (Тоңазытқыш) түймесін басыңыз.
RB7000J_DA68-03846S-00_KK.indd 34 2019-04-29  2:40:35

Содержание

Похожие устройства