Hansa BHI36277 [31/42] Құрылғы туралы негізгі ақпарат

Hansa BHI36277 [31/42] Құрылғы туралы негізгі ақпарат
"31 -
ҚҰРЫЛҒЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ
АҚПАРАТ
Индукциялық плитаның жұмыс істеу принципі
Индукциялық плита әйнегінің астында магнитті өріс тудыратын
индукциялық шарғысы орналасқан. Магнитті өріске орналастырылған
кәстрөл осы өрістің әсерінен қызады. Тиісті түбі бар кәстрөлді
пайдалану маңызды екенін есте сақтаңыз.
Конфорка циклді түрде жұмыс істейді, бұл қалыпты құбылыс. Жиілік
конфорканың орнатылған қуатына байланысты
Пайдаланылатын кәстрөлдерге және дайындау кезіндегі
орнатылған қуатқа байланысты құрылғы арнайы ысқырық
шығарады, бұл қалыпты құбылыс және наразылық білдіру үшін
негіз болып табылмайды.
Ыдыстың сипаттамасы
Кәстрөлдің Сіздің индукциялық плитаға сай келетінін тексеру үшін,
магниттің кәстрөлдің түбіне тартылатынын тексеріңіз. Тартылыс
күші қаншалықты жоғары болса, кәстрөл соншалықты жақсы.
Әрқашан тамаша тегіс түбі бар жоғары сапалы кәстрөлді
пайдаланыңыз. Мұндай типті кәстрөлді пайдалану аса жоғары
температурадағы нүктелердің пайда болуын болдырмайды, бұл
кәстрөлге тамақтың жабысуына әкелуі мүмкін. Қалың металл
қабырғалары бар кәстрөлдер мен табалар жылуды тамаша
таралуын қамтамасыз етеді. Кәстрөлдің ойыс түбі немесе
өндірушінің логотипі бар терең басып мөрі индукциялық модульмен
температураны реттеуге теріс әсер етеді және ыдыстың қызуына
әкелуі мүмкін.
Бүлінген ыдысты, мысалы, жоғары температурадан түбі
деформацияланған ыдысты пайдаланбаңыз.
Диаметрі ыдыстың толық диаметрінен аз темір
магнитті түбі бар үлкен ыдысты пайдаланған
кезде ыдыстың тек темір магнитті бөлігі ғана
қызады. Сонымен бірге жылу ыдыста біркелкі
таралмайтын жағдай жасалады. Темір
магнитті аймақ ыдыстың түбінде алюминий
бөлшектерінің болуына байланысты аз, сол
себептен берілетін жылу аз болуы мүмкін.
Ыдыс-аяқтардың болуын анықтау мәселесі
пайда болуы мүмкін немесе ол мүлдем
анықталмайды. Ыдыстың темір магнитті түбінің
диаметрі дайындаудың оңтайлы нәтижесін
алу үшін конфорка өлшемі бойынша таңдалуы
тиіс. Егер ыдыс конфоркада табылмаса, оны
диаметрі кіші конфоркаға қою ұсынылады.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Что означает! N
2 года назад

Ответы 1

Как ее включить
2 года назад